22.11.2024

ӨЗ ІСІНІҢ ҮЗДІК МАМАНЫ

2015 жылғы 4 наурызда Қазақ ұлттық өнер университетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіповтың қатысуымен 2014 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлерін марапаттау салтанатты рәсімі өткізілді, – деп хабарлайды ҚР білім және ғылым министрлігінің ресми сайты.

Министр өз сөзінде биыл мерейтойлық жыл екенін атап өтті. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына 10 жыл толып отыр.

Елбасы осыдан 10 жыл бұрын Қазақстан халқына арнаған Жолдауында алғаш рет аталған грантты (2000 АЕК) тағайындау туралы идея ұсынды. Оның негізгі мақсаты – жоғары оқу орындарының оқытушыларына қолдау көрсету, олардың біліктілігін арттыру және кәсіби тұрғыда өсуі үшін мүмкіндіктер ұсыну.

Осы жылдар кезеңінде аталған грант оқытушылардың өзінің педагогикалық және ғылыми әлеуетін іске асыруына үлкен ықпал етті.

Көрсетілген кезең ішінде еліміздің жоғары оқу орындарының 2000 оқытушысы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» – құрметті атағының иегері атанды.

Еліміздің 57 жоғары оқу орнының 200 үздік оқытушысы марапатталады. Олардың ішінде 79 адам – ғылым докторы, 114 адам – ғылым кандидаты, 7 адам – PhD докторы, олар техникалық, педагогикалық, медициналық, ауылшаруашылық, экономикалық, заңгер және басқа да ғылым салалары бойынша. (Үздік ұстазардың жалпы тізімін көргіңіг келсе басыңыз!)

Аталған іс-шараны өткізуі оқытушылардың педагогикалық шеберлігін және кадрлар даярлаудың сапасын арттыруға, жас ғалымдарды ғылымға тартуға мүмкіндік жасайды.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА