22.11.2024

БӘРІ МАМАНҒА БАЙЛАНЫСТЫ

2015 жылғы 2 наурызында ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Ғани Нығыметовтың қатысуымен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясат жағдайында кадрларды даярлау» атты тақырыпта брифинг өтті, – деп хабарлайды ҚР білім және ғылым министрлігінің ресми сайты.

Министрлік Елбасының «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауындағы тапсырмалары бойынша, индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығына мамандар даярлау мәселесі шеңберінде 10 ЖОО базасында экономика салаларын ғылыммен байланысын қамтамасыз етуді жүзеге асырып жатыр.

2016-2019 жылдардағы ИИДМБ-ның басым секторлары үшін қадрлар қажеттігі анықталған. Халықаралық Мак Кинзи компаниясының зерттеу мәліметтері бойынша 2019 жылға дейін ИИДМБ-2 салалары үшін жыл сайын 3000 жуық жоғары білікті мамандар қажет.

4 жылдық жұмыс нәтижесінде 10 мыңнан астам білікті маман бітіреді деп жоспарланған. 2015 жылғы қыркүйегінен бастап мемлекеттік тапсырыс шеңберінде салалық магистратура бойынша маман даярлау басталады. 2015 жылы салалық магистратура,а бойынша 1900 адам, 2016 жылы кем дегенде 2500, 2017 жылы кем дегенде 3500 адам қабылдау жоспарлануда.

Әлемнің үздік стандарттарына сай жабдықталған және шетелдік әріптес-жоғары оқу орындары мен негізгі жұмысберушілермен кеңесілген 24 жаңа зертхана құру жоспарлануда.

Тектес салалар бойынша мамандар даярлауда тәжірибесі бар Оңтүстік Корея, Германия, Италия, АҚШ, Польша, Ресей, Чехия сияқты шетелдік ЖОО-серіктестердің қатысуымен тәжірибелік бағыттағы 24 жаңа білім бағдарламасын жасау жұмыстары жүргізілуде.

Жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын дамыту, жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу, шетелдік ғалымдарды тарта отырып оқытушылардың біліктілігін арттыру бойынша 2015- 2017 жылдарға арналған көпарналы қаржыландыру тетіктері анықталды. Жоғары оқу орындары бөлінісінде 24 жаңа зертхананы құру (3 млрд теңге), жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуге (962,1 млн.теңге) Ұлттық қор мен республикалық бюджетте қаралған қаражат аясында 2015 жылға арналған қаржыландыру көлемі айқындалды.

Сонымен қатар, «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде кадрлар даярлау процесін одан әрі жетілдіру және оңтайландыру бойынша жаңа шаралар әзірленіп, іске асырылуда.

Осылайша, «Болашақ» бағдарламасы сапалық көрсеткіштерге назар аударуда: шет тілін, мемлекеттік тілді білуге, оқу және тағылымдамадан өту үшін шетелдік университеттерге талаптар арттырылған; алғашқы 6 айда тілді оқу Қазақстанда және кейінгі 6 айда шетелде өтетін «6+6» моделі бойынша тілдік даярлық процесі оңтайландырылды; split PhD жобасы шеңберінде отандық ғалымдар үшін зерттеу қызметінің мүмкіндіктері және шетелдік магистратура бағдарламаларына қолжетімділік кеңейтілген.

Экономиканың нақты секторының қажеттілігі есепке алынып, 2015 жылға Басым мамандықтар тізбесі актуалдандырылды. «Елдің индустриалды-инновациялық дамуы және «Нұрлы жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобалары үшін инженерлік-техникалық мамандарды даярлау басымдылық болып қалуда. Бүгінгі күні «Болашақ» бағдарламасының техникалық бағыттағы түлектерінің саны шамамен 40%-ды құрайды» – деп атап өтті өз баяндамасында Ғани Нығыметов.

Жалпы алғанда, 1994-2014 жж. 11 126 стипендия тағайындалған. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша әлемнің 25 елінде 1823 стипендиат оқуда.

Сонымен қатар, 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының әкімшісі – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға 10 жыл толады.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА