22.11.2024

Нармұхан Нұрхан. Жасампаз жүрек

(Ж.Жабаевқа)

Кеңіді көңіл арнасы,
Келтіріп оңнан асығын.
Жапаның келді жалғасы,
Жаңғыртып жаман лашығын.

Ақ бөбек-алтын айдарлы,
Болар ұл бастан талпынды ә.
Өлеңде тауға айналды,
Тау атын алған тау тұлға.

Артылып туған абадан,
Жолбарыс-оның киесі,
Бата алып абыз бабадан,
Жебеді жырдың иесі.

Алғадай-алтын асығы,
Шахид боп кетіп майданда.
Жабырқап Жәкем жасыды,
Асылын іздеп айдан да.

Өртеніп іші күйеді,
Қайғыдан қаусап қарт жүрек.
Димекең басын сүйеді.
Дауасыз дертке дат тілеп.

Алғадайды ойлап азады,
Шығармай сыртқа наласын.
Өлеңмен емдеп жазады,
Өмірдің салған жарасын.

Қарға адым шықпай үйінен,
Күш алды күні-түнімен:
Динаның дүлей күйімен,
Күләштың бұлбұл үнінен.

Сезінді ол таңның арайын,
Артта қап күндер қапалы.
Жаңғыртты жанның сарайын,
Мәскеуге барған сапары.

Ән салып,әсем сызыла,
Көз жасын қарттың ағызған.
Грузиннің гөзал қызына,
Ғазалын төкті ғазиз жан.

DjnUYIFPuk8Қызылды көрген қырандай,
Қанатын сілкіп дір етті.
Сезімге сабыр қыла алмай,
Ғашықтық жайын жыр етті.

Тартылған шақта тасып боп,
Қол бұлғап жастық тұрғандай.
Тоқсанда қалған ғашық боп,
Жасампаз жүрек бұл қандай?!

Нармұхан Нұрхан

1999 жылы 21 қазанда Жамбыл облысы, Тараз қаласында туылған.

Абай атындағы №26 орта мектебінің оқушысы

Шығармашылық бәйге туралы мұнда басыңыз

-ЖАРНАМА-spot_img

7 COMMENTS

  1. Өте жақсы өлең. Осындай талантты да, көзі ашық,көкірегі ойау жастар Қазақстанымыздың болшағы емеспе. Баріміз қолдап жіберейік осындай қазақ жастарын. Жарайсын інім!!!

  2. Жарайсың Нұрхан бауырым! Өнерін өрге жүзсін ! Өлеңін өте керемет, маған ұнады .

  3. Нурхан алга.Осы жарыста утып шыгуына тилектеспин.Онерин тек орге жузсин.Оленин керемет!!!!

  4. әй жарайсың, міне нағыз қазақ жігіттері өнерің өрге жүзсін тамаша!!!

  5. Бауырымнын олендеринин бари магыналы, асерли, жаксы. Бауырым Нурхан тек алга!!!

    • Өте тамаша өлең! Осы жарыстан жүлделі орын алатыныңа еш күмәнім жоқ! Әр қашан биік белестерден көріне бер! Тек қана алға!

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА