07.11.2024

“ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН МҰРАСЫ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ БАЙЛЫҒЫ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ.

Астана қаласы Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебі Білім басқармасының «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып 2015 жылы 11 мамырда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Әлкей Марғұлан мұрасы – ұлттың рухани байлығы» атты дәстүрлі ғылыми-практикалық конференция өткізетінін хабарлайды.
Конфренция келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
1. Әдебиеттану секциясы. Тақырыбы: «Қазақ хандығының тарихы – көркем әдебиетте».
2. Археология және тарих секциясы. Тақырыбы: «Әлкей Марғұлан және Қазақ хандығы тарихының зерттелуі».
3. Этнопедагогика секциясы.Тақырыбы: «Қазақ әлемі: ұлттық сана және дүниетаным».
Ұйымдастыру комитеті материалдарды конференциядан бұрын ғылыми жинақ түрінде жариялауды жоспарлайды. Конференция бағдарламасына ену үшін ұйымдастыру комитетіне: баяндама (мақала) және конфенренцияға қатысушының тіркеу формасы (баспа түрінде – мақаланың 1 данасы және электронды нұсқасы) өткізілуі қажет.
Қатысу тәртібі:
Баяндама (1 дана), қатысушының тіркеу формасы баспа және электронды түрде өткізілуі керек.
Баяндама (мақала) мәтіні 3 парақтан аспауы керек және тіркеу формасы МS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылуы керек:
1. Парақтардың параметрлері: жоғары -2 см., төменгі -2 см., сол жағы- 2,5 см., оң жағы-1,5 см.
2. Шрифт: Times New Roman, кегл – 14
3. Жол аралық : 1 интервалмен
4. Жаңа жол: 0,9 см.
5. Бір жолдан кейін-ортасынан баяндама тақырыбы (БАС ӘРІПТЕРМЕН ҚОЮ ШРИФТПЕН) жазылады.
6. Төменгі жағына: жұмыс орындалған мекеменің толық аты (қою шрифтпен).
7. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан – баяндама (мақала) материалдары.
8. Әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілу тәртібіне қарай мақаланың соңында жазылады.
Сілтеме берілген әдебиеттер мәтінде квадрат {} жақшаның ішінде әдебиеттер тізіміндегі нөмеріне сәйкес нөмермен көрсетіледі. Дәйекте (цитата) қолданған жағдайда міндетті түрде түпнұсқаның парағы көрсетілген: { 1.250 бет}

ТІРКЕУ ФОРМАСЫ

1. Тегі, аты-жөні (толығымен)________________________________________
2. Мекеме_________________________________________________________
3. Мекен жайы_____________________________________________________
4. Байланыс телефоны______________________________________________
5. E-mail (міндетті)_________________________________________________
6. Мақала тақырыбы________________________________________________
7. Секция_________________________________________________________
8. Керекті техникалық құралдар______________________________________
9. Пленарлық жиналыста сөз сөйлеуді қалаймын______________________
10. Секция мәжілісінде сөз сөйлеуді қалаймын_________________________

Мақала мәтіні және тіркеу форамасы бір файлда сақталып, файл автордың тегімен аталуы қажет. Баяндама материалдары мен тіркеу формасы 2015 жылдың 31 сәуірге дейін қабылданады. Талапқа сай толтырылмаған және ұйымдастыру комитетіне көрсетілген уақыттан кеш өткізілген мақалалар жинаққа енгізілмейді.
Электронды пошта арқылы жібергенде «Тақырып бөлімінде: Әлкей Марғұлан оқулары конференциясына, __________ (баяндамашының тегі)» көрсетілсін.
Ұйымдастыру комитеті мен редакциялық комиссияның мақаларды іріктеу құқы бар.
Жол шығыны жіберуші жақтан, жинақтың бағасы 1500 теңге.

Баяндамаларыңызды мына мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз:

Sh40margulan@yandex.kz

Байланыс телефондары: 50-16-70; Факс 50-16-69
Байдрахманова Сәуле 87079968282
Құрманғалиев Қайыркелді 87024493313
ӨМІРБЕК Бекмұрат 8 775166 94 66

Мекенжайымыз: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Көктал ш/а,
Дулат Бабатайұлы – 24.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА