22.11.2024

Шығармашылық бәйге қатысушыларының назарына:

Құрметті оқушылар һәм дарыны мен қарымы мықты шәкірт тәрбиелеп жатқан ұстаздар!
Бүгінде әлемге танымал Тәуелсіз Қазақстан тарихы талай ғасырларға табан тірейтіні анық. Бастауын сонау мыңжылдықтар қойнауынан, Көк түріктер қағанаты мен Алтын Ордадан алатын Керей-Жәнібек хандар құрған Қазақ хандығының 550 жылдығы мемлекеттігіміз жылнамасындағы маңызы зор мерейлі мереке екені айқын.
Бұл айтулы аймаңдай жылнаманы айрықша биік мемлекеттік деңгейде жалпы ұлттық мерекеге айналдыру барша Қазақ азаматының қасиетті борыштарының бірі. Біз, Қазбілім (kazbilim.kz) порталы, айтулы күнге орай барша қазақстандық оқушылар арасында шығармашылық бәйге жарияған еді.
Шығармашылық бәйгенің мақсаты – жас ұрпақты патриоттық-тағылымдық тәрбиеге баулитын, Елбасымыз ұсынған “Мәңгілік ел” ұлттық идеясынан туындайтын, Қазақ елінің кешесі, бүгінгі һәм ертеңгі келбеті оқушы көзімен суреттеліп, еліміз тарихындағы ерен еңбегі сіңген тұлғалар туралы бүгінгі өскелең ұрпақтың көз қарасын көрсету. Елдің ертеңіне елеулі еңбек етер патриот, зияткер ұрпақ қалыптастыруға үлес қосу.
Шығармашылық бәйгеге шығарма қабылдау 18 ақпаннан басталып, 5 сәуір аралығында жалғасты. Порталымызға 30 ға жуық, әр жанырдағы, әр деңгейдегі шығармалар келіп түсті. Шығармалар тұрақты порталдың оқушы ойы бөлімінде жарияланды. Шығармашылық бәйгеге келіп түскен шығармаларды әділ қазылар алқасы қарап жатыр. Шығармашылық бәйгенің қортындысы осы аптада шығады, әрі, орын алған қатысушыларға порталдың атынан шақыру жіберіледі. Байқау нәтижесі алдын ала сайтта жарияланады. Марапаттау рәсімі 16 сәуір күні Астана қаласы №73 физика-техникалық мектебінде өтеді.
Қазылар алқасы:
Серікзат Дүйсенғазин. Айтыскер ақын. Танымал ән сөздерінің авторы.
Қалқаман Сарин. Ақын. тарих ғылымдарының кандидаты. Теле жүргізуші. Танымал ән сөздерінің авторы.
Жақсылық Орынбасар. Айтыскер ақын, порталдың шеф радакторы.
Бейсен Ахметұлы. Журналис.
Ербол Алшынбай. Ақын. Астана радиосының жүргізушісі.

Бас жүлде – біреу
Бірінші орын – біреу
Екінші орын – екеу
Үшінші орын – үшеу
Ынталандыру – үшеу
Шығармашылық бәйгеден іріктелген шығармалар жеке кітап болып шығады.

Ескерту: Өзге облыстардан Астанаға марапаттауға келе алмаған жүлделі оқушылардың жүлдесі почта арқылы мектебіне жіберіледі.

Қосымша сұрақтар болса 8702-931-8008, телефондарына қабарласуларыңызға болады.

-ЖАРНАМА-spot_img

2 COMMENTS

  1. Қазылар алқасының құрамында бір де бір тарихшының болмағаны қызық екен….

  2. Неліктен қортынды әлі жарияланбаған. Апта аяқталды емес пе! Және алыстан келетін қатысушыларға уақыт аз қалады. сондықтан тездетіп жариялауды сұраймыз.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА