23.11.2024

ҰБТ. Кім-кімді алдайды?

Бар жұрт баласын есіне алатын, ел болып елеңдей қалатын, дүбірі жер жарған, баласы аудиторияда тест тапсырып, ата-анасы мен ұстаздары «үй қамақта» отырып телефонын құшақтаған биылғы ұлттық бірыңғай тесттің бірінші күні артта қалды.

Емтихан алдында А.Сәрінжіпов түлектерге: «Бүгін сіздер өмірлеріңіздегі ең маңызды кезеңге аяқ басқалы отырсыздар – ол Ұлттық бірыңғай тестілеу. Осы ұлттық жобаға қатысуларыңыздың арқасында сіздер өздеріңіздің болашақтың есігін ашатын боласыздар. Ендігі кезекте барлық 11 жыл ішінде алған білімдеріңізді еске түсіріп, берілген 3,5 сағатты орынды пайдаланыңыздар. Емтихандарыңызды сәтті тапсыруларыңызға тілектеспін!» – деп өз тілегін білдірді.

сонымен бірге, «Біз өз кезегімізде барлық түлектердің тестілу кезінде өздерін еркін ұстау үшін толық мүмкіндіктерді жасадық. Олар ішетін сумен, темпиратуралық режимі бақылануда, кезекші медициналық персоналмен қамтамасыз етілді, және барлық тәртіптер Министрлік пен Мемлекеттік комиссия бақылауына алынған. Тестілеу ашық, әділ және объективті түрде өткізіледі. Тесттердің мазмұны бірталай сараптамалардан өтті, барлық тапсырмалар мектеп бағдарламасы мен кітап мазмұны бойынша құрастырылған. Сол себепті, құрметті ата-аналар мен ұстаздар алаңдаудың керегі жоқ» -деді А.Сәрінжіпов.

Бірақ, бұл күні ҰБТ-ны оқушы біліммен емес, «whatsapp»-пен тапсыратыны өкініш. «Whatsapp» деген дәнекер, оның артында мүдделі мектеп, жалдамалы ұстаз, жан ұшырта сабылған ата-ана. Қарап тұрып бейшара күй-ай деп күңкілдейсің. Күйінесің.

Ата-анаға жаның ашиды, соңғы күні емес, 11 жыл балаңызды қадағалап жүрмедіңіз бе? Балаңыздың халін ертерек білмедіңіз бе? –деп.

Балаға жаның ашиды, білекпен емес біліммен күресер, бәсекеге байлықпен емес, ғылыммен түсер заманның ұланы екеніңді неге еске алмадың? – дейсің.
Ұстазға жаның ашиды, жының келеді. Балаға берген тәрбиең сол ма? Сенің «whatsapp»-тан келген сұрақтарды шешіп жүрген бейшара халіңді көрген төменгі сыныптың оқушысы сені сыйлай ма? Сенде не қадір, не қасиет қалады? «Алты алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын – мұғалімдікі» – деген Мағжан Жұмабаевтың ақлиясын кім тыңдасын осыдан соң. Оң мен солды ажыратып тәрбие берер жұрт тәрбиесіздікке барса, олар тәрбиелеген ұрпақ не болмақ?

Мектепке күйінесің. сүйінетін орда едің, сүйсінткен тірлігің осы ма? Жалған атақ не керек? Ел ертеңін тәрбиелер ұлы орда жалғандыққа барса, ел ертеңі не болмақ деп ашынасың.

Жә, жаппай кіналаудан аулақпыз, бірақ, бұл сөзіміз бүгінгінің ақиқаты болған соң да айтпасқа шара қалмады. Әуелгі сөз өрнегімізге көшелік. Бүгінгі ҰБТ қалай өтті?

ҰБТ тапсырып жатқан жұрттың алдынан біз де шықтық, мұңымен таныстық, қуанышымен бөлістік.
Жоғарыда айтқандай, ҰБТ бастала сала интернет бетінде біраз тест сұрақтарының суреттері пайда болды. Біраз сурет арыз шағымдарымен қоса, порталымыздың электронды почтасына келіпте түсті.Сырға тартпақ болып, түс ауа біраз мектептің мұғаліміне хабарластық.

Иә, масқара, деп бастады сөздерін. Біз емін-еркін көмектестік, 11 жыл 3-ке оқып келген біраз баламыз 100-ден асып бәрін беске жапты деп қуаныштарын баса алмай тұр.

Бәрі көңілді ме десек жылап жүрген біраз жұрт бар. Олардан сұрадық, «не болды ел қуанышты ғой?» – деп.

«Иә, бір аудитория бос, бір аудитория қатаң. Біреуге сырттан топырлап көмек келіп жоғары алды. Бізде қатаң болды, өз білгенімізбен шықтық. Әдетте, мектепте сынақ жазғанда менен 10-15 ұпай төмен алатын сыныптасым, өмірі 3-ке оқыған бала менен 17 ұпай алда тұр. Не дейін ішің күйеді? Неге бәріне қатаң болмайды?» – дейді, Астана қаласының бір мектебінің үздікке үміткер түлегі. Мұндай мысалдар жүздеп табылады. Мәселе онда емес, мәселе:

Біріншіден. Неге деген сұрақтар көп? Неге барлық жерде тәртіп бірдей емес, желі үзетін аппараттар қосулы тұрғанмен, неге телефон желісі кей жерде бәрібір ұстап тұр.

Екіншіден. Неге ұстаздан, мектептен ұят кетті? Балаға шын жаны ашыса жалған баға емес, неге шынайы білім бермейді?

Министр мырзаға, өткізуші, ұйымструшы Ұлттық біріңғай тестілеу орталығының қызыметкерлеріне ашуың келеді! НЕГЕ?

Тәп-тәуір ән еді, пұшық айтып қорқылды, – деуші еді атам қазақ. Сол айтпақшы, білім сынағын осынша былыққа батыратырып өткізгенше орнымыздан кеткеніміз дұрыс еді.  

Мұның кесірі қаншама өз еңбегімен тапсырған баланың бағы қиылады? Арттағы ұрпаққа қандай әсер береді? Бізде келесі жылы телефонмен жинай саламыз деп малданып қаншама ұрпақ өсіп келеді. Бұл қасірет емес пе?

Біздің жұрт мектептегі баласын жылына екі-ақ рет еске алады,
Бірі: 1қыркүйек білім күнінде; баласынан қай сыныпқа барасың деп сұрайды.
Екіншісі: ҰБТ-дан шу шықанда; баласынан сен қашан ҰБТ тапсырасың деп сұрайды.
Бала тәрбиесін ұмыт қалдырмайық. Он мектептің тәрбиесі бір әкенің тәрбиесінің орнын баса алмайды. Құрметті оқырман, балаларыңыз қай сыныпта еді… 

Келесі күндердің ҰБТ-ысынан тек жақсы жаңалықтар күтеміз, Алла қазақ ұрпағына саналы ғұмыр сыйласын. Тек, КТК жаңалықтарынан «жоғалған болашақ» туралы естімейік.

Сөзімізге дәлел болу үшін ҰБТ парақтарын жүктедік. Бұлар 2 маусым күнгі ҰБТ да, Астана қаласы оқушыларының ұстаздарына жіберген суреттерінен таңдап алынды.11330968_659337887501215_1090960574_o

10410176_766640330122771_2907243937648170264_n 11293029_659337897501214_276179942_n

-ЖАРНАМА-spot_img

1 COMMENT

  1. Әрине, тәртіптің әр жерде әртүрлі болғаны әділетсіздік. Өзіміз тәрбиелеген балаларға ұрлық жасауды өзіміздің үйреткеніміз, болашаққа деген опасыздық. Осы ҰБТ телефонға мүмкіндік болса барлығына бірдей, немесе тәртіп барлығына бірдей болуы керек. Егер телефон пайдалануға мүмкіндік болмайтынына сенімді болса, балалар да алаңдамай дайындалған болар еді. Осы министрлер осы мүмкіндікті өздерінің рейтенгі үшін жасайды, арасында балалар ойыншық.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА