22.11.2024

ҰБТ, 1-күн, бір оқушы 125 бал.

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу ережесі мен Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізудің бекітілген кестестіне сәйкес 2015 жылы ҰБТ маусымның 2-сі мен 8-і аралығында өткізіледі.

Ағымдағы жылы қорытынды аттестаттауды ҰБТ түрінде тапсыруға 87783 бітіруші тілек білдірді, оның ішінде: 62385 қазақ тілінде және 25398 орыс тілінде. 2014 жылы тестілеуге берілген өтініштер саны 92086-ны құраған, оның ішінде 63606 қазақ тілінде және 28480 орыс тілінде.

2 маусым күні тестілеуге 18889 бітіруші қатысты, оның ішінде қазақ тілінде – 13547, орыс тілінде – 5342.

Тестілеу 48 ҰБТ өткізу пунктінің базасында өтті.

Мүмкін болған 125 балды 1 бітіруші жинады:

– Ердосова Гүлнәз Жандосқызы, «Қазақ классикалық Б.Момышұлы атындағы №45 гимназия», тестілеуді М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің базасындағы ҰБТӨП-те (Тараз қаласы) тапсырған.

Тестілеудің бірінші күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзғаны үшін 26 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде:

– тестілеуге кіргізу барысында бөтен тұлға ұсталған – 1 бітіруші;

– тестілеу өткізу барысында бөтен тұлға ұсталған – 18 бітіруші;

– ұялы байланыс телефондарын пайдаланған – 4 бітіруші;

– тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан – 1 бітіруші;

– емтихан материалдарын бүлдірген – 1 бітіруші;

– рацияны қолданған – 1 бітіруші.

Өтінішті беру барысында бітіруші тестілеу нәтижелерімен келіспеушілігін апелляцияға берген әрбір тест тапсырмасы бойынша дәлелдемені беру керек. Тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болды. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданды.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА