22.11.2024

Өмір Шыныбекұлы. ҰБТ, датым бар…

Сонымен, кеше бүкіл еліміз бойынша алғашқы түлектер ҰБТ өткізу пункттерінде өз бақтарын сынады. БАҚ таратқан ақпараттарға көз жүгіртсек, көп жерлерде жыл сайын орын алып жататын заң бұзушылықтар биыл да бой көрсеткен. Жалпы, осы ҰБТ тапсыру кезіндегі «бармақ басты, көз қысты» әрекеттер мен басқа да келеңсіздіктер, бұқараның мемлекеттік билікке деген сенімін жоғалтып қана қоймайды. Кейінгі жылдары мектеп бітіретін шәкірттердің көңілдеріне әлдебір бұлыңғырлау «үміт» оятып, сабаққа деген ынтасына жояды.

Ия, ҰБТ-ң кемшілігі жетерлік! Бірақ, әзірге білім бағалаудың бұдан басқа әділ жолы табылмай тұр! Оның үстіне ҰБТ-ң қолданыстағы форматы еліміздің білім саласына енгізіліп жатқан жаңа бағдарламамен (“Кембридж технологиясы”) қабыса бермейді. Ол жағын да ескеріп қою керек!

Естеріңізде болса, жаңа бағдарламадағы 7 модульдің бірі “АКТ-ы пайдалана білу”. Өздеріңіз білесіздер, қазір түрлі ақпарат сақтағыш құрылғылар мен ақпарат іздеу жүйелері өмірімізге дендеп енді. Енді одан бас тарта алмаймыз! Яғни, барлық ақпаратты мида сақтауға деген қажеттілік жойылды. Ендеше, ақыры ҰБТ өткізу пунктерін байланыс құралдарынан 100 % оқшаулау мен шпор қолданудың алдын алу мүмкін емес болса, басқа бір жол іздеу керек.

Менің ұсынысым:

Тестілеу пунктерінде әрбір оқушының қасында интернет желісіне жалғанған компьютер қойып, баланың басты көмекшісі етіп, тек қана бір іздеу жүйесін (мәселен “Гугл”) қалдырып, тест тапсырушыға білмегенін іздеп табуға мүмкіндік беру керек. Іздегенін таба алу да үлкен шаруа! Меніңше, дайын жауапты сатып алып, қылмысқа барғаннан гөрі, бала білмегенін өзі тауып алғаны жөн! Барлық компьютердің мониторы орталық мониторға шығып тұруы шарт! Сонда, бала басқаша әрекеттер жасай бастаса, тиісті жазалау шарасын қолдана беруге болады. Өз кезегінде, бағалау жүйесіне де өзгеріс енгізіп, баланың өзі жауап берген сұраққа “1” балл берілсе, іздеу жүйесі арқылы тапқан жауабы “0.5” балмен бағалануы керек!

Өмір Шыныбекұлы – Шымкент қаласы А.С.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейдің тарих пәнінің мұғалімі, жоғары санатты ұстаз, 1-деңгейлі курс сертификатының иегері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.  

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА