07.11.2024

Елордалық мектептерде бейінді дайындау сыныптары ашылады.

Бүгін Астанада Политехникалық колледжде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды, – деп хабарлайды Астана қаласы әкімнің ресми сайыты.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың және Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиеваның төрағалығымен өткен шараға қалалық білім мекемелерінің басшылары қатысты. 

Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында кәсіби білім беруге ерекше назар аударды. 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы іске қосылады. 

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау, сондай-ақ, жоғары сынып оқушыларын мамандық таңдауға дайындау үшін 2016 жылдың 4 қаңтарынан бастап елордалық мектептерде оқушыларды кәсіптік бағдарлау бойынша жоба жүзеге асырылады.

24 мектептің (№ 4, 7, 8, 13, 14, 18, 19, 24, 25, 28, 29, 34, 36, 37, 40, 41, 44, 45, 49, 53, 55, 57, 61, 69) оныншы сынып оқушылары үшін 2 жыл оқу мерзімімен бейінді және кәсіби дайындау сыныптары ашылады. 

Оқушыларды оқыту мына мамандықтар бойынша жүргізіледі: мастер-шаштараз, тігінші, бала күтуші, электронды есептеу машиналарының операторы, хатшы-референт, бармен, даяшы. Оқытудың теориялық бөлімі мектептерде, ал практикасы колледждердің базасында өтетін болады.

Жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, Астанада сұранысқа ие мамандықтар – техник-құрылысшы, тас қалаушы, түрлі жүйелерді және қондырғыларды монтаждаушы, байланыс монтаждаушысы, электрик, электргазбен дәнекерлеуші, құрылыс машиналарының және механизмдерінің машинисті, кран машинисті, жүк көлігінің жүргізушісі, дәнекерлеуші-сантехник, мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешісі, тігінші, мейірбике, аспазшы, наубайшы, кондитер, сатушы, бухгалтер, әкімші, шаштараз және т.б.

Жыл басынан бері 29 жасқа дейінгі 6420 қала тұрғыны жұмысқа орналасуға көмектесу туралы өтініш берді. Соның ішінде 589 адам жастар практикасына 38-і әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. 2850 адам төленетін қоғамдық жұмыстарға кірісті, ал 204-і кәсіптік оқуға қабылданды.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА