22.11.2024

М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы жер-су атауларының тілдік-танымдық сипаты

МАЗМҰНЫ

Кіріспе..

І Бөлім. Роман тіліндегі жер-су атауларының тарихи-лингвистикалық сипаттамасы.. 

1.1.Түр-түске байланысты жер-су атаулары..

ІІ Бөлім. Антропонимдер мен этнонимдер арқылы жасалған жер-су атауларының қолданысы..

2.1.Жер-су атауларының танымдық сипаты..

Қорытынды..

Әдебиеттер тізімі..

Қосымша

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «…біздер қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, дамытып келеміз, көп ұлтты және көп мәдениетті келісімін бірегей ұлттың алға дамуын қамтамасыз етеміз» – деген болатын [1]. 

Қазақ тілінің жер-су атауларын зерт­теудің тіл тарихы үшін маңызы зор. Асыл қазына болып қалыптасқан то­понимиканың лингвистикалық және тарихи-этнографиялық қыр-сырын ашу – тіл білімінің үлкен бір саласы – оно­мастиканың міндеті. Топонимикада халықтың тарихы жә­не тарихи география жөнінде қы­руар бай материал, құнды деректер сақталған. Топонимика қойнауында замандар бойы сақталған, талай ғасырдың куә­сі болған тарихи сөз – атаулар бар. Қа­зіргі сөйлеу тілімізде, сондай-ақ, әде­би тілде қолданудан мүлде шығып қал­ған сөздер де осы географиялық атаулар құрамынан табылады. Өйткені, олар географиялық атаулар ретінде тұрақталып, берік орын тепкен соң, ғасырлар бойы өмір сүріп, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырады. Сондықтан да, Абай өмір сүрген жердің топонимикасынан халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан тіл арқылы өткен тарихымыз жайлы көп мәлімет аларымыз сөзсіз, сонымен бірге,  жер-су атауларына қатысты халықтық этимология көріністері де сақталып қалған.

  Қазіргі уақытта ономастика республикадағы ұлттық тіл саясатының  жетекші бағыттарының бірі ретінде тек ғылыми-практикалық, мәдени-тарихи ғана емес, сондай-ақ қоғамдық-саяси  маңызға да ие болып отыр [2].

Бұл ұлттық ономастика мәселелерін мемлекеттік деңгейде қарауға әкелді. Сондықтан 2005 жылы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы қабылданды [3]. Тұжырымдамада берілген негізгі ұғымдар: ономастика – жалқы есімдерді, олардың қалыптасу және түрлену тарихын зерделейтін тіл білімі бөлімі; топонимика – географиялық объектілердің атауларын, олардың  қалыптасу, өзгеру, жұмыс істеу заңдылықтарын зерделейтін ономастика бөлімі; антропонимика – адамдардың (жалқы) есімдерін зерделейтін ономастика бөлімі; оним – жалқы есім; топоним – онимнің түрі, географиялық атаулар; гидроним – топонимнің түрі, су нысандарының атаулары; ороним – топонимнің түрі, таудың, қыраттың, шоқының атаулары; ойконим – топонимнің түрі, елді-мекендердің (ауыл, кент, қала) атаулары; хороним – топонимнің түрі, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атаулары; зооним – онимнің түрі, жануарлар мен хайуанаттар атаулары; фитоним – онимнің түрі, өсімдіктердің атаулары; космоним – онимнің түрі, галактика мен ғарыш денелерінің, жұлдыздар мен жұлдыз шоғырларының атаулары; этноним – онимнің түрі, халықтың, ұлттың атаулары [1].

  Осы тұжырымдамада: «тарихи негіздерге сүйене отырып, өткеннің жинақталған ғылыми мәселелерін шешудің жолдарын табу, сондай-ақ ұлттық ономастика жүйесінің одан әрі даму бағыттарын анықтау сияқты мақсат пен оның міндеттері: республикадағы ономастикалық қызметті реттеудің негізгі ғылыми негізделген бағыттарын айқындау; ұлттық ономастика жүйесін одан әрі дамытудың негізгі қағидаттарын айқындау;  ономастикалық жұмыстың құқықтық негіздерін, қолданылу тетігін және іске асыру нысандарын әзірлеу болып табылады.

  Біздің ғылыми жобамыздың тақырыбы да осы міндеттерден туындаған. Атақты роман-эпопеядағы қазақ халқының жер-су атауларын зерттеу-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

         Қазақ халқының классик жазушысы М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы 1959 жылы Лениндік сыйлыққа ие болды. 1961 жылы тұтас «Абай жолы» деген атпен жарияланғаны белгілі. Сонымен бірге жинақтаған материалдардың әліппелік тәртіпке түсірілген статистикалық тізімі сөздік етіп баспаға берілді. Соның нәтижесінде ғылыми жобамыздың жаңалығы ретінде «Абай жолы» романындағы жер-су атауларының (қыраттар, сулар, таулар, ауылдар, жоталар, көшелер) сөздігін жасадық: 1. Абай. 2. Абыралы. 3. Айдарлы. 4. Ақтомар. 5. Ақшоқы т.б. жалпы саны – 108 жер-су атаулары жинақталды [2].

         Ғылыми жобамыздың негізгі зерттеу нысаны етіп, қазақтың танымал жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы жер-су атаулары және оның қолданысын алып отырмыз. Өйткені жазушы романындағы жер-су атауларының ерекшелігін зерттеу осы өңірде түрлі тарихи-тілдік себептермен сақталып қалған, әдеби тіл дамуының белгілі бір қалпынан хабар беретін, қазақ әдеби тіліндегі кейбір атаулардың қалыптасуына ықпалын пайымдауға жәрдемдесетін тілдік деректерді анықтауға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

  Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері. М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы жер-су атауларының: түр-түске байланыстылығы мен антропонимдер және этнонимдер арқылы жасалған қолданысын анықтау. Ол үшін мына міндеттерді жүзеге асыру көзделді: 1) түр-түске байланысты жер-су атауларына ономастикалық талдау жасау; 2) антропонимдер мен этнонимдер арқылы жасалған жер-су атауларын саралау.

  Зерттеу жұмысының дереккөздері.Зерттеу жұмысының дереккөздеріне:  М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы, «Қазақ тілінің аймақтық сөздігі» (2 томдық), «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» (15 томдық), «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (10 томдық), «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», Ә.Қайдардың «Халық даналығы», Р.Сыздық «Сөз құдыреті», «Сөздер сөйлейді» Ж.Бабалықұлының, Х.Арғынбаев, С.Мұқанов, С.Қасиманов т.б. еңбектері алынды. 

         Зерттеу жұмысының кезеңдері:

1-кезең: М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан жер-су атауларына байланысты тілдік деректер жинау;

2-кезең: Жиналған материалдарды ономастикалық сараптау: түр-түске байланысты, антропонимдер мен этнонимдер арқылы жасалған атаулар деп топтау;

3-кезең: Анықталған нәтижелерге ғылыми, танымдық, тілдік талдау жасап, ашылған жаңалықты көрсету.

  Зерттеудің әдістанымдық негіздері. Зерттеу жұмысына жалпы тіл білімі мен отанық тіл білімі бойынша ономасиология, лингвостилистика, диалектология, мәтін лингвистикасына және лингвомәдениеттану саласына байланысты жазылған  В.Виноградов, Н.Гальперин, Б.Уорф пен Э.Сепир, В.Ф.Гумбольдт, А.Байтұрсынұлы, Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, Ш.Сарыбаев, Т.Жанұзақов, Қ.Рысберген, Ж.Манкеева, М.Серғалиев, Н.Уәли, т.б. ғалымдардың зерттеу қағидалары теориялық-әдістанымдық тұрғыдан басшылыққа алынып, ғылыми негіз болды.  

         Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Әдістері:

  Ғылыми жобада мынадай әдістер қолданылды: талдау, жинақтау, сипаттау,  семантикалық талдау, этимологиялық және  ономастикалық  талдаулар.

  Болжамы:

М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы жер-су атауларының ономастикалық ерекшеліктері анықталды, олардың ономастикалық қызметі анықталып, тақырыпты толық ашу, жан-жақты түсіндіру мақсатында талдауға қажетті мәліметтер жинақталды [Маратұлы Ш. Жер-су атауларының сөздігі. М.Әуезовтың  «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша). Алматы: Қыздар университеті. 2012 ж. 12 б. ].

Зерттеудегі жаңашылдық: Зерттеудегі жер-су атауларын этно-ономастика-лингвистикалық аспектіде қарастыру нәтижесінде жасалған қорытындылар тіл білімі теориясының  ақтаңдақтарын толтыруға көлемді үлес қосады. Сонымен қоса, жұмыстың негізгі қағидалары және ұстанымдары елдімекен атауларын түсіндіргенде, Абайдың туған жері туралы халықтық этимологиядан мәлімет береді.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен нәтижелері.

Жұмыста романдағы жер-су атаулары этно-оноастикалық тұрғыдан бірінші рет зерттеу нысаны болды. Жер-су атаулары концептілік бірліктер ретінде қарастырылып, олардың халықтың дүниетанымымен, оның көзқарасымен, құндылықты ұстанымдарымен байланыстары анықталды. Сонымен қоса, еңбекте романда қолданылған елдімекендерді атайтын сөздердің топтары сараланып, жүйеленді.        

Ғылыми жоба құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

 І Бөлім. Роман тіліндегі жер-су атауларының тарихи-лингвистикалық сипаттамасы. 

  • Түр-түске байланысты жер-су атаулары

 Қоғам дамуының кез келген кезеңінде ономастикалық атаулардың тарихи маңызы зор болды. Адам қоғамдастығының бір де бірі, яғни бір де бір мемлекет өзінің даму үдерісінде өзінің антропонимдері мен топонимдерінің жинағынсыз өмір сүрген емес. Сондай-ақ, Қазақстандық қоғамдастықтың да ежелгі тарихи дәуірде қалыптасқан ұлттық ономастикалық жүйесі бар. Қазақстанның көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ономастика жүйесі ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап түбегейлі өзгерістерге ұшырады және патша үкіметінің отаршылдық мүдделеріне, кейіннен кеңес жүйесінің тоталитарлық саясатына қызмет етуге мәжбүр болды. Отаршылдық пен тоталитарлық режимдердің идеологтары ономастиканы қоғамның тарихи-мәдени  санасына әсер етудің саяси құралына айналдырды. Нәтижесінде қазақ ономастикасының өзіндік болмысына, ұлттық ерекшелігіне, әсіресе оның топонимикалық және антропонимикалық жүйелеріне орасан зиян келтірілді.  Қазақстан картасы едәуір бұрмалауларға ұшырады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен және халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде қалыптасуымен ұлттық ономастика әлемдік кеңістікке белсене араласа бастады. Роман бойынан кезінде проф. Е.Жанпейісов адам атауларын қарастыра келе,  жалпы саны – 500 атау бар екенін дәлелдеп, ру аттарын жинастырған. Мысалы, Найман, Ноғай, Оразбай, Керей, Бөкенші, Ақтомар, Жуан, Жуантаяқ, Жігітек, Тобық, Сыбан, Уақ, Көтібақ, т.б.

Қазіргі кезде ономастикалық бірліктер халықаралық ресми құжаттарда белсенді түрде көрініс тауып келеді. Қазақстанның ономастикалық кеңістігінде қамтылған Түркістан, Астана, Байқоңыр, Қарашығанақ және басқалары тәрізді атаулар Қазақстанның экономикасымен, тарихымен, мәдениетімен өзара тығыз байланыста бола отырып, атаулы функцияны алып қана қоймай, сонымен қатар өзіне күшті ұлттық әлеуетті шоғырландырған жоғары ассоциациялық семиотикалық белгілер де болып табылады. Ұлттық ономастиканы дамытудың өзекті міндеттерін іске асыру жөніндегі шаралардың өнімділігі олардың нормативтік құқықтық қамтамасыз етілуімен тікелей байланысты. Қазіргі кезде ономастикалық жұмыстың нормативтік құқықтық базасы  Қазақстан Республикасы Конституциясының тиісті ережелеріне, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы № 3186 өкімімен мақұлданған Қазақстан Республикасының тіл саясаты тұжырымдамасына,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы ережеге сәйкес және т.б. ережелерде бекітілген ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы физикалық-географиялық нысандарды атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскипциясын өзгертудің тәртібіне негізделеді.

Еліміздегі демократиялық қайта құруларға сәйкес келетін ономастика саласындағы жұмысты жүйелендіруді және үйлестіруді одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыстың тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігі туындады. 

Кез келген халық тілі – сол халықтың шынайы этникалық болмысының айнасы. Тілді жаңа ғасыр баспалдағына да теориялық-танымдық үрдісте зерттеудің қажеттігі туып отыр. Бұл үрдіс тіл мен адам санасын тұтастықта қарастырып, тілдік білімді адам миының жемісі, күрделі ассоциативті-вербалды құрылым, болмысты рух пен ой бірлестігінде қараушы жүйе ретінде кешенді сипаттауға негізделеді. Адамзат өзін қоршаған шындықты, әлемдегі сан алуан құбылыстар мен олардың сапа-қасиетін сезім мүшелері арқылы сіңіріп, санамен түйсініп қана қоймайды, оған жауап қайтарады. Ақпаратты өзінше жаңғыртып, жаңа сапада қайта жасауға саналы-санасыз күйде талпыныс жасайды, өңдейді, қорытады, елеп-екшейді, баға береді, тәжірибеде қолданады, бұлардың тұтас көрінісі ретінде ғаламның тілдік бейнесі жасалады. Ұлттық дүниетанымның негіздері саналатын жер-су атауларын тарихи-лингвистикалық сипаттамасын жасау  бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселесі. Сол тың мәселелелердің бірі – аталымның жасалуындағы сананың, танымның, ойлаудың тілдегі таңбасы бүгінгі лингвистикада кешенді зерттелуде. Тіл мен ойлау – бір-бірімен байланысты заңды құбылыс.

  Тілдегі таным көрінісі – таңбаны ғылыми тұрғыдан саралау – таңба аталым, атау неден басталады, қандай заңдылықтармен жүзеге асады, оның белгілері қандай, оның дамуы және қалыптасу үрдісін терең зерделегенде, талдағанда шешімін табады.

  Тілдік аталымның, табиғатын зерттеу тілдің түрлі аспектісімен тығыз байланысты жүзеге асады. Тіл мен ойлау, оның көрінісі болып саналатын атау тіл білімінде өзекті мәселе  болып есептелінеді. Лингвистикалық бірліктерді жан-жақты талдау жасау үшін тілді түрлі деңгеймен салғастыра отырып саралау қажет. Сөз байлығының толығу арнасы – сол тілдің сөзжасау жүйесі. Күрделі атаудың толығуы мен кемелденуі, дамуы жаңа күрделі аталымдардың қалыптасуымен тығыз байланысты.

  Ономасиология ғылым ретінде аталым үрдісін қарастырады: «о процессе обращение фактов вне языковой действительности в достояни к системы и структуры языка» [1, 3] деген тұжырымнан аталым жасауда және адамзаттың танымын анықтауда саралауда, зерделеуде тиімді тетіктің құралыболып саналы. Егер аталымның қолданушысы халық деп танысақ, халықтың дүниетаным көрінісін аталым жасауда негізгі белгілерін жүйелеуге мүмкіндік береді. Номинацияның түрлерін қарастыруда негізгі қажетті, маңызды тетіктеріне көңіл бөлу: аталым жағдаятын тудыратын ара қатынас: символдық бағытына, жазушы тіліндегі тарихи аталымдарға назар аудару.  

  Ғылымда жер-суаттарын зерттейтін лексиканың көлемді бір саласы топонимика деп аталады. Топоним термині гректің topos – орын, мекен; onyma – есім, атау сөзінің негізінде қалыптасқан.

  Шығыс Қазақстан облысының топонимикасына терең талдау жасап, оның қалыптасу тарихына тоқтамас бұрын «топоним», «топонимия», «топонимика»  терминдеріне түсінік беріп, олардың арасындағы мағыналық бірлік пен алшақтықтарын анықтап алған дұрыс. Сонымен топонимдер, жер-су аттарын, географиялық атаулар деген үш түрлі нұсқадағы сөздер синоним болып табылады. Осылардың ішінен топоним деген терминді жиі қолданудың қолайлы жағы бар, біріншіден, ол халықаралық термин, екіншіден, жер-су аттары, географиялық атау деген бірнеше сөздерден гөрі ол ықшамды әрі ғылыми дәлелді әрі дәл термин.

  Жер-су атаулары өзі тектес атаулармен бірлесе отырып, жалқы есімдер тобын құрайды. Сондықтан топонимика тіл білімі ғылымының жалқы есімдерін зерттейтін саласы ономастиканың құрамына кіреді. Ономастика топонимикасы, космонимика, зоонимика және т.б. осы сияқты бірнеше салалардан құралады.

  Топонимдер өз ішінен бірнеше түр мен тектерге бөлінеді.

  Ономастикалық талдау:

  Географиялық нысандардың сипатына қарай:

1.ойконим – елді мекен аттары:  Айдарлы, Жетісу, Қараөткел, Омбы, Омск,  Орынбор, Жыланды, Көкшетау, Қарауыл, Петербург, Петербор, Алтай, Бақанас, Россия, Устькаменгорск, Тарбағатай, Тобыл, Торғай, Тройцк, Семей, Сібір, т.б.

2.гидроним – су аттары: Ертіс, Қарасу, Зайсан, Лепсі, Суықбұлақ, Шүйгінсу, т.б.

3.ороним – тау аттары: Қарашоқы, Ақшоқы, Шыңғыс, т.б.

4.урбононим – қала нысандары аттары: Петербург, Петербор, Орынбор, т.б.  

5.гороним – көше аттары: роман бойында көше аттары кездеспеді.

6.некроним – зираттар мен молалар аттар: Қоңырәулие, т.б.

шағын географиялық нысандар атауын – миркотопоним

ал белгілі бір немесе бірнеше аймақты қамтитын көлемді жер-су атауларын макротопоним деп атайды.

7.Түр-түске байланысты қойылған атаулар: Ақшоқы, Қарабатыр, Қаракесек, Қарқаралы, Қарақошқыл, Қарамола, Қоңырәулие, Қызылқайнар, Қызылшоқы, Шұбартау, Шұбарағаш, т.б.

         Шығыс Қазақстан облысы жер-су аттарының тарихи қабаттары аса бай тарихи бар Қазақстан территориясындағы жер-су атауларын бірыңғай топонимикалық жүйеде қалыптастыру мүмкін, қалыптасуы жағынан тарихи тілдік қабаттардан тұрады: көне түрік қабаты; оғыз-қыпшақ қабаты; араб-парсы қабаты; моңғол қабаты; орыс қабаты; жаңа қабат.

         М.Әуезов романындағы біз талдайтын сөздер төмендегідей:

         СЕМЕЙ. Көне түрік қабатына Әбілхан Әбіласанның «Көне сөздер құиясы» еңбегінде, «Семей ме» әлде «Семипалат па» деген тақырыбында «Семипалат» сөзі дереккөздеріне сүйенсек, бұл екінші атау яғни, «Семипалат» – қазақ жерінде «шәпкі қоқайтқан» орыс бекінісіне байланысты ХVIII ғасырдың басында, дәлірек айтсақ, 1718 жылы пайда болған көрінеді.

         «Семей» атауының түп негізі  «көне тас ғимараттар үйіндісінің» жанынан бой көтерген тас мешіттерге қатысты және «Семьпалат» «Жетісарай» да осы аттан туындаған деген пікірлер де бар [3]. Бұны дәлірек, түбін қазбаласақ, бұл «тас мешіттерге» емес, ана «көне тас ғимараттар үйіндісіне» қатысты атау болса керек. Сол Семей аты ежелгі есім, осы уақытқа дейін сақталған. Біз айтып отырған «тас мешітіміз» негізінде ол мешіт те, храм да, шіркеу де емес, бұл көне түркі қауымдары құлшылық ететін орын – ғибадатхана болған. Мысалы: Баба түркілер сары ұйғырлардың тілінде «Семей» сөзі «семе», «семі», «семь» тұлғасында да айтыла береді. Ғибадатхана моңғолша «сумэ», «сүме», «семе» делінеді. Сонымен «Семей» атауының түп негізі – сонау көне сақ, ғұн тілдерінің сарқыты. Олай болса, бүгінге жеткен тұмар сөз.

         АЛТАЙ – түркітанушы ғалым В.В.Радлов атаудың төркінін түркі-моңғол тіл бірлестігі тұтас «заңғар тау» мәндес сөздерден деп айтса, профессор Т.Жанұзақов алтай сөзін екіге бөліп қарайды «ал» және «тай».

         «Ал» көне түркі тілдерінде «қызыл» немесе «алтын» мағынасындағы «бірлік», дербес сөз болған. «Тай» – көне түркі «қызыл, қызғылт» яғни, «алтын тау» деп түсіндіреді.

         В.В.Радлов алтай атауын «алып тау» тіркесінен шығарған көзқарасында басқа болжам-пікірлерге қарағанда шындыққа жанасымды деп бағалай келе, өз тарапымыздан атау төркіні туралы тағы бір жорамал ұсынғымыз келеді.

         Алтай «алдыңғы тау», қарсы бетке орналасқан тау мәніндегі атау болуы мүмкін. Өйткені атаудың бірінші буыны алт қазіргі тілде «алдыңғы жақ» мағынасын береді. Мысалы: қазақ тілінде – алд (ы) қырғыз тілінде – алд (ы), түрік тілінде – ах екенін ескерсек, сонымен алтай тауы (алдыңғы тау) деген болжамдар да бар. Сонымен Алтай тауының көп түрі пікір-зерттеулерден кейін Алтай тауының түп-төркіні қайдан, әлдеқандай мағына беруі әлі бізге беймәлім.

         ЕРТІС – өзенінің атауы осы түрде XVIII ғасырда Күлтегін мен Тоныкөк ескерткіштерінде кездеседі. Күлтегін ескерткішінде түркілер, Алтай тауына көтеріліп, Ертіс арқылы өтіп, түргеш тайпасын жеңгендері баяндалады.

         ХІ ғасырдағы М.Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» (Түркі тілдерінің сөздігі, ХІғ.) атты еңбегінде Ертіс – Иемек даласындағы бір өзеннің аты. Бірнеше тармақты бұл дария сол жердегі бір көлге құяды. Бұл дарияны «Ертіс суы» дейді. Бұл судан өтерде «кім тез өтеді» деген мағынада айтылған. Өйткені, «өзен талай ойды, қырды кесіп өтеді».

         Топонимист Ә.Әбдірахманов Ертіс өзені атауының шығу түп негізі «Ертіс» сөзін екіге бөліп қарайды. Бірінші буынын «ир» ер түркі сөзі қазақша қарағанда «иір» дегенге келеді. Ал, екінші буыны «тіс» түркі тілдерінде «сес» «өзен» деген мағына береді.

         Е.Қойшыбаевтың пікірінше, Ертіс сөзі түпкі тілдері «артыш» сөзі негізінде қалыптасқан. Бұл атаудың қалыптасуының себебі бұл өзен арнасы қилы-қилы жолдардан өтуінен. Мәселен, әуелде жазық даламен аққан Ертіс ағып Алтайдың Нарын және Қалба жоталары биіктерінен оңай асады. Сондықтан «артыс» немесе «асқыш» атауына себеп осы деп түсіндіреді.

         Сонымен Ертіс өзені «Ертіс» деп аталуы ол жоғарыда айтылған «Ертіс-Иемек», «Иртис», «Артыш», «Асқыш» түп төркіні бір болды. Ол – көне түркі бабалар атаған есім.

         ҚАРАСУ – түркітанушылардың айтуынша, атау үлкен емес. Жер астынан, сай-жыралардан ағып өтетін болғандықтан, Қарасу деп аталған. Бұл атаудың қарасы өзін байырғы түркі бабалардың тілінде жер деген мағынаны берген. Демек, «жер суы» деген мағынада айтылған.

         ТАРБАҒАТАЙ – Қазақстан мен ҚХР-ның шекарасында орналасқан тау жоталары. Биіктігі – 2993 м. Ұзындығы – 3000 шақырымға жуық. Тарбағатай тауының түп-төркіні жөнінде Ғ.Қоңқашбаев «бұл моңғолдардың тарбаған (суыр) деген сөзінен шыққан. Моңғолдарда жиі кездесетін атау» дейді.       

         Ә.Әбрахманов «Тарбаға сөзі мен тай жұрнағының қосылуынан жасалған сөз» деген пікір айтқан.

         Ал, Қойшыбаев пікірі бұған қарама-қайшы, оның пікірінше, Тарбаған (суыр) және тай (тау) сөздерінен қалыптасқан тау. Сонда Тарбағатай тауының мағынасы «Суырлы тау» деп түсіндіріледі.

         А.Махмұтов бұл ой-тұжырымдармен келіспейді: «Тарбағатай тауы дыбысталуы жағынан (суыр) сөзіне ұқсап тұрғанымен, логикалық жағынан ұқсамайды. Өйткені алтай тілдерінде суыр әртүрлі аталады. Оның себебі, әр халық суырға ат бергене, біреуі түсіне (сұр) қараса, екінші, жүріс-тұрысына балп-балп, балпаң мағына тапқан, үшінші тарбиған аяғына көңіл аударған. Корей тілінде корей ноги лапа, положение ног» аяқ, аяқтың пішіні деп түсіндіреді. Мысалы, моңғол тілінде тарбиған сөзі жоқ, осы тари (аяқ) сөзінен жасалған. Қазақ тіліндегі «тасбақаша тарбима» дегенде тарби да аяқ. Жер-су аттарында, көбіне, алтай тілдеріне тон ортақтық болады.

         Сонымен, біздің ойымызша, Тарбағатай тауының сырт пішіні тасбақаға ұқсас болып келуі де осыған дәлел болады.

         Бүгінгі өзекті мәселелердің бірі болып саналатын мәселе жер-су атауларының қазақшалануы. Өйткені әрбір халықтың болмысы мен дүнеитанымы, этникалық мәдениеті мен рухани өмірі қай кезде, қандай жағдайда болсын, белгілі бір географиялық кеңістікте көрініс табады, нақтылы тарихи дәуірлердің жемісі болып саналады.

         Біз қарастыратын жер-су атаулары М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай өмір сүрген дәуірдегі жер-су атаулары және ондағы танымдық ерекшеліктер.

         Әбдуәли Қайдар: «бүгін Қазақстан картасына бажайлап қарасаңыз, алабажақ «ақтаңдақтардан», шұбарланған атаулардан көзің тұнады, – деп жазған. («Атамекен атауындағы ақтаңдақтар»).

         Қазақстан картасына елеулі «өзгеріс енгізген кезең тың және тыңайлы жерлерді иегрген кезеңдердегі тоқырау дәуірі» тың және тыңайған жерлерге шабуыл «миллондаған гектар жердің қыртысын айналдырып, қопарумен ғана, кеңес одағының барлық жерімен» миллиондаған тыңгерлерді әкелуімен ғана тынған жоқ. Бұл өлкені толық «иелену» үшін оның аты-жөнін де түгел өзгертіп үлгерді.      

         Ә.Әбдірахманов «Қазақстанның жер-су аттары» кітабында: «қазақ тіліне туыстас емес тілдердің (парсы, неміс, корей, моңғол, дұңған) топонимдері, сонымен бірге, орыс тілі арқылы еніп, түпкі төркіні түсініксіз болып кеткен атаулар да баршылық» деген пікірі де бар [4].

         Жер-су атаулары сияқты қала көшелері мен алаңдардың аттары да ұлттық мәдениеттің көрнекті саласы. Олай болса, бұл мәселеге ел-жұрт болып атсалысу керек. Біз жер-су атаулары қазақшаға ауысып келеді дейміз. Бірақ ауысқаны мен атауға сай болса тарихына көз жеткізіп атына заты сай атау қою қажет. Мысалы. Қазақ жерін, елін қорғаған, Отан үшін қан төккен, ер-жүрек батырлар, халықтың, елдің бірлігін сақтаған хандардың есімдері, әділеттің туын тігіп елге жол сілтеген билеріміз, ақын-жырауларымыз, күй  атасы, ән құдіреті, салт-серілер, мың бұралған бишілер, әннің майын тамызған бұлбұлдар, тағысын тағылар толып жатыр. Осы есімдермен атасақ, нұр үстінен нұр болар еді. «Жердің аты – тарихтың хаты» деген ұлағатты сөз бар. Тарихымызды жасап дүниеден өткен ұрпақты да ұмытпағанымыз жөн. Елдің елдігі де сонда. Сонда ғана біз тарихымыздағы ақтаңдақтардан арылар едік.

         М.Әуезов былай деп лебіз білдірген екен: «Особенно замечательна, сильна и мощна была струя в традициях акынов и сказителей казахского народа, особенно акынов  –  исполнителей  и слагателей по преимуществу героических песен. У них были целые поколения,  унаследовавшие  преемственно  передачи,  еще начиная с легендарного эпика Сыпыра жырау, продолженного далее школой Мурына и еще далее сказителями Шалкиизом, Нуртуганом, Мергенбаем».

         Халқымыздың аяулы азаматы Х.Досмұхамедұлы өзінің «Аламан» жинағына қазақ ақын-жырауларының біршама өлең, жыр, толғауларын енгізіп, ондағы жер-су, адам атауларына түсінік береді. Бұл атаулардың баршасы да қазақ жерінің тарихына қатысты, осы аймаққа түгел таныс, етене есімдер мен  жер-су аттары. Ғалым қазақ ақын-жырауларының тіліне тән ерекшелік ретінде көрсетілген сой сөзі туралы да: «ХІХ ғасырдың

І жартысында қазақ даласынан шыққан ақындар тілінде қазірде әдеби нормаға жатпайтын біраз сөздер бар. Үлкен  мағынасындағы сой сөзі –батырлар жырлары мен ақындар тілінде кездесетін диалектілік архаизмдер – дей келіп, сой сөзінің Махамбетте, басқа да қазақ ақындары тілінде кездесетінін, бірақ Абайдың баласы Ақылбайда: Үлбіреген ақ тәнді, көзі көкшіл, Не қылса да ол – жақсы адам сойы.

         Дулатта: Адам сойы мен емес, Пірдің сөзін тұтынған, – тәрізді қолданыстармен келетінін айтады.

         «Бұл көрсетілген сөздер қазіргі қазақ лексикологиясының әдеби нормасы бойынша диалектизмдер болып саналғанымен, олар өткен дәуірлерде әдеби тіл элементтеріне жатады», – деп қорытындылайды ғалым [6, 15].

  ІІ Бөлім. Антропонимдер мен этнонимдер арқылы жасалған жер-су атауларының қолданысы

  Жер-су атауларының танымдық сипаты

  Танымдық (когнитивтік) ғылым бастауын өте ерте заманнан келе жатқан ғылым саласы, оның нысаны ақыл мен таным және олардың арақатынасы деп саналады. Сондықтан классикалық мәселелер – тілмен, ойлаумен тікелей астасып жатқан күрделі құбылыс. 

  Қара – түркі географиялық терминологиясында негізгі мағынасынан басқа қосымша мағыналарға да ие бола алады. А.Н.Кононовтың байқауынша, «қара» кейбір түркі тілдерінде жер, құрлық, топырақ деген мағыналарды береді. Құрамында қара сын есімі анықтауыш қызметін атқарады және зат есімнің алдында тұрады. Бірақ та қара түрлі топонимдерде әртүрлі мағынаға ие болады.

  Қарашоқықара сөзі алғашында заттың (шоқының) қаралығын, жердің қара түсін білдіреді. Мысалы, роман бойынан мынадай мысалдар таптық:

  Жалма – жан аттарына тегіс міне сап, күншығыс жақтағы Қарашоқыны беттеп, тұмсық аса шаба жөнелісті [Іт., 26].

  Қарашоқы Қодар қыстауынан алыс емес. Шыңғыстың үлкен биігінің бірі [Іт., 28].

  Осымен екеуі, Абайдың құла бестісі ерттелгенше қымыз ішіп алды да, күнбатыс жақтағы Қызылшоқы деген ұсақ адырға қарай желе жортып, тартып кеткен [Іт., 33].

  Бұлар Қызылшоқыға кіре бере, алғаш келген екпінімен бір қоянды бездіре қуып еді [Іт., 33].

  Төрі – Талшоқы, ылдиы – Қарауыл  [Іт., 53].

  Еңкейсе Ертісі, шалқайса Шыңғысы [ІІт., 101].

  Абай қазір Қарамолада шербешнай съезд шақыртып отырған зор-зор дауларды, ел шабуларды, барымтаны, үлкен тойымсыз ұрлық сияқты қылмыстарды санап өтті [ІІт., 277].

  Қазіргі қазақ тілінде ұмытылған «биік, шоқы, төбе, тау» мағыналарында қолданылған. Осы мағыналардағы қара сөзі өте көне термин. Оның танымдық мағынасы көне замандарға тән екені айтпаса да түсінікті.  

  Ақшоқы – Қазіргі түркі халықтарының тілінде де жер-су атауларын өзара салыстыра қарағанда да, олардың құрамындағы түр-түстердің беретін, анықтайтын мән-мағыналары бірдей емес. Оларды зерттеу, әрине өз алдына жеке мәселе.

  Ақ сөзі түркі тілдерінде ақ формасында қолданылып, бір-біріне жақын үш топ мағына аңғартады: 1) «ақ» деген негізгі түр-түстік мағына (белый); оның төңірегіне: ақшыл, көздің ағы, жұмыртқаның ағы, жарық түс, шаштың, сақалдың ағы, ақбоз, өңсіздік, сүт тағамдары, боз түсті кездеме т.б. мағыналар туған; 2) «ақ» сөзінің ауыс мағыналары: кіршіксіз таза, айыпсыз, ақжүрек, адал; 3) керемет, тамаша, ғажайып.

         М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының 4 бөлімнен тұратыны белгілі, соның ішінде көркем түрде берген ороним атауларымен кейбір тараушалары: Жолда, Бел-белесте, Өрде, Қияда деген аттармен берілуі, ал екінші бөлімде Жайлауда, Еңісте, Оқапта, Асуда, Биікте, ІІ томның бірінші бөлімінде Кек жолында, «Қарашығын», Қоршауда, ал екінші бөлімінде Түн-түнекте, Құз-қияда, Қапада деп аталуының өзі ерекше. 

         Антропонимді атауларға мысалдар: Жұрт Шыңғысқа, жайлауға қарай көшкенде елсіз боп қалатын жер[І, 5]. Дәл Есембай биігінің тұсы [І, 5]. Және дәл Есембай жырасының өзі екен [І, 5].

         Жер бедері атауларының зерттелуі: Жер бедері атауларының зерттелуіне қатысты еңбектер саны көп емес. Соның ішінде М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясында кездесетін жер-су атаулары деп жер бедері атауларын да жинастыра қарастырдық. Жер бедері туралы  зерттеулердің алғашқысы – географиялық терминдерді, халықтық қолданыстағы осындай жалпы есімдерді топтастыру мен бірізге түсіруде көп еңбек еткен ғалым-географ Ғ.Қоңқашбаевтың «Қазақ халық географиялық терминдері» атты кандидаттық диссертациясының авторефераты, ғылыми-зерттеу еңбектері мен мақалалары және сөздіктері кіреді. «Халық географиялық терминдері» деп атайтын географиялық лесикаға қатысты жалпы 540 – қа жуық сөздерді қамтыған. Біздің нысанымыз – соның ішіндегі жер бедері атаулары. Е.Керімбаеваның «Қазақстан оронимиясының лексикасы» деген ғылыми жұмысымен таныспыз.   Жер бедері – Оронимдерге мысалдар: …ұры сай [І, 5], жасырын жыралары… [І, 5]. Бір белден … екінші белдің өріне [І, 5]. Белге шығып алып,… белдің ойына [І, 5]. Бұл өңірдің… [І, 5]. Қарауыл биігі… [І, 7]. … жасырын жырасы Есембай, Найзатастар …Абайдың  өз аулының аса мәлім қоныстары… [І, 7]. Құнанбай ауылдары [І, 7]. Төскейдің сай-саласы [І, 7]. Бие бауы, ауыл қонысы, қой өрісі Осы қоныстан, Есембайдан [І, 7]. Ыстық қоныс «Бұл жерде ұры бар, сұмдық жер, бәле жатқан жер» [І, 7]. Жазықсыз сары биік, көкшіл қоныс, ақ көделі әдемі өлке, барлық айналадағы кең дүниеге, мынау өзі туған сахара, өлке белдеріне [І, 7]. Ала көде мен селеу далалары … дала емес – теңіздейі қандай! Жаман жер[І, 8]. қорықтан…  [І, 8]. Көлқайнардағы Құнанбай аулына, Абайдың өз шешесі Ұлжанның  отырған аулына [І, 8]. Көлқайнар суы мөлдір, бұлақ болғанмен, кең қоныс емес. [І, 8]. Жайлауға [І, 8]. Құнанбай аулы [І, 8]. Өзінің аулы, жақын туысқандарының аулы [І, 8]. Көп үйлі ауыл – Абайдың екінші шешесі Ұлжан мен Айғыздың аулы [І, 8]. Кешкі жайылымға [І, 8]. Жұрт Шыңғысқа, жайлауға қарай көшкенде елсіз боп қалатын жер [І,5]. Ұры сай, жасырын жыралары [І,5].

Дәл Есембай биігінің тұсы [І,5]. Және дәл Есембай жырасының өзі екен [І,5].

         Ал Қарауыл биігі анау, жасырын жырасы мынау «деген Есембай – Найзатастар болса, ол Абайдың өз аулының аса мәлім қоныстары [І,7].

Көктем мен күз уақыттарында, жылында екі рет осы жерлерге Құнанбай ауылдары келіп қонып, ұзақ уақыт отырып, жайлап та кететін. Анау көрініп тұрған төскейдің сай-саласы, бие бауы, ауыл қонысы, қой өрісі – барлығы да соншалық таныс, жақын. Тіпті былтыр боқырауға, күзем үстінде, қалаға оқуға кеткенде дәл осы қоныстан, Есембайдан кеткен болатын [І,7].

         … Көлқайнардағы Құнанбай аулына, Абайдың өз шешесі Ұлжанның отырған аулына кеп жетіп еді [І,8]. Жайлауға қарай, Шыңғыс асқалы беттеп келе жатқан елдің үш-төрт аулы қоныпты [І,8]. Ұлжан мен Айғыздың аулы [І, 8].

         Қазіргі Абай ауданының тарихи жерлері: Ботантай батыр – Бұғылы, Тағылы тау­ларының түйіскен жерінде өмір сүрген. Алтайұлы Ботантай әрі батыр, әрі би болған. Ботантай би балалары Аққошқар мен Жолшораға: «Адамзат ба­ласына жақсылық жасап жүр, жамандық жасау ойыңа да келмесін, дым қолыңнан келмесе, таң азаннан күн ұясына бат­қанша ең аз дегенде елден күніне үш рет «рахмет» деген сөз естісең, халқыңның қалаулысы, еліңнің елеулісі болмасаң да, азаматы боласың» деген екен. Атау Ботантай батыр есіміне байланысты қойылған    (Т.Асқартегі мағлұматы, А.Жар­тыбаев  кітабынан). Шерубай бейіті – Шерубай батыр қар­тайған шағында Бектас батырды ша­қырып алып, «менің мүрдемді тау тө­бесіне қой, жанымнан жау өтпес, мүр­демді мал баспас»  деп өсиет еткен екен. Шерубай Биболдыұлы 1693 жы­лы қазіргі Қарағанды облысы Шет ау­данындағы Сұлу Мәдина аулының ма­ңында туған деп жорамалданады. Демек, ол бүкіл қазақ халқының  1710-1770 жылдардағы  болған жоңғар – қалмақ бас­қыншыларына қарсы жанқиярлық ұрыс кезінде өсіп, шыңдалып, барлық са­налы өмірін қан майданда жаумен  арпалысумен өткізген.     Шерубай батыр бала кезінен батыл, мерген, ат құлағында ойнаған епті де, қара күштің иесі болған. Ол – он ал­ты  жасында Сарыарқа жерінде өткен белгілі бір байдың асында «Түйе палуан­ды»  жыққан. Бай тамы  (Игілік би мазары) – Игілік би Өтепұлының бейіті қазіргі  Саран қаласына жақын  «Бай тамы» ( орысша «Байтамская») деген жерде тұр. Бұл атау Абай ауданы жеріне жатпаса да, Игілік байдың Қареке – Мұрат жеріне түгел ықпалы  жүргендіктен де аудан топонимиясы ретінде  қарастыруды дұрыс деп таптық (А.Ж.). Бейіт ұзын  жолдан алыстан  кө­рінетін, биіктігі 8-10 метр,ені көлденең шеңберінен  3-4 метр, төбесі үш қырлы, құбыла жағында ішіне  кіріп – шығатын ашық қуыс есігі бар,  шала пісірілген саз кірпіштен күмбез – мұнара тамның салынғанына 160 жыл  (1842 жылы баласы Даурабай қайтыс болғанда бидің өзі салғызған тамы  деген деректер бар)  болыпты. Мұнарада ешқандай белгі де, жазу да жоқ. Игілік би – Мұрат руынан шыққан. Ол 1769 жылы қазіргі Қарағанды об­лысының  Саран (Сораң, шөп аты-Қ.С.)  қаласының маңында дүниеге келген. 1860 жылы дүниеден өткен. Игілік Өтепұлы өз заманында аса беделді де, ақылды, адуынды, айтқа­нынан қайтпайтын бірбеткей, өжет би бол­ған. Игілік би жөнінде ел арасында тарихи деректер, аңыздар, әңгімелер өте көп.   «Әке көрген оқ жонады, шеше көр­ген тон пішеді» дегендей Игілік жас­тайынан әкесі Өтептің жанында жүріп, ел жағдайын, оның салт-санасын, батыр­лық дәстүрін, әдебиетін, мәдениетін ұға береді. Шешендік және билік сайыстың, ән мен жыр, айтыстың қайнаған ортасында жүріп есейеді. Ел аузында Игілік – денелі, көрікті, келбетті кісі болған деген сөз бар. Өлең сөзге де   жүйрік болған деуге негіз бар.   Игілік есі кіргеннен бастап халық қа­мын ойлап, «ел-жұртым қайтсе ел қатарына қосылады» деп, жұрт тағ­дырын шешетін мәселелерге белсене араласқан (Р.Кәренов мағлұматы,  А.Жартыбаев  кітабынан). Байдәулет тауы XIX ғасырдың орта тұсына дейін осы өлкені Сарым- Көшкін руының байы – Байдәулет мекен еткен. Кейін бұл жерді Қареке- Мұрат руларына 40 атқа сатқандығы жөнінде  тарихи аңыздар сақталған. Содан бері бұл тау –  «Байдәулет» аталып келеді  ( М.Дуанбек мәліметі, А.Жартыбаев  кітабынан). Жалайыр бейіті – Қарабас тауы ма­ңындағы  қорым. Ол жер жергілікті тұр­ғындар арасында «Жалайыр жотасы» деп те аталады. Тарихи деректер Арғын тайпасының Арқа жеріне түпкілікті қоныс аударуы «Ақтабан шұбырындыдан» ке­йін болғандығын растайды. Ол ке­зеңге дейін Арқа даласы мен Сібір өл­кесіне, жалпы қазақ ру-тайпалары жаз­ғы жайлауға шығып, қыстауға Шу, Сыр­дария, Қаратау өңіріне қайтып отырған. Арқа даласындағы әрбір тау, төбе, өзен мен көлдер әрбір ірі рулардың ұлы көш жолындағы аялдар, уақытша тыныс алар меншігінде болған. Сондықтан да, Арқа даласындағы Керей, Қыпшақ, Байыс, Қоңырат және т.б. топонимдердің «Ақтабан шұбырынды» дәуіріне де­йін қойылғандығын, ол атаулардың ұзақ жылдар бойы сол руларға жаз айларында  уақытша жайлау қыз­метін атқарғандығын байқаймыз (А.Жар­ты­баев  пікірі).

         Қорытынды

   Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, қазақ тілінің тарихында өзіндік орны бар жер-су атауларының ең көп сақталған, әрі тілдік қабаттары көп өзгеріске түспей жеткен жері – М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының тілі.

  Жер-су атауының лексикалық мағынасы негізінде сөздің ішкі мағыналық құрылымы  жатады, жаңа мағына соның негізінде жасалады. Жер-су атауларын уәжділік теориясымен жаңаша шешу – ғылыми жаңалық болып саналады. Мәселе тілдің түрлі заңдылықтармен ұштастыра отырып қарастырылды, жүйелеп көрсетілді. Жер-су атауын мағыналық және құрылымдық тұтастықта қалыптасқан күрделі лексикалық бірлік ретінде қарады, оған аталым теориясы тұрғысынан келді, сөзжасамның аталым үшін қызмет ететін тіл білімінің бір саласы екені – жұмыстың негізгі ерекшелігі болып саналды. Зерттеудің нәтижелері сөзжасам саласының өзіндік теорияларын нақтылауға, анықтауға қызмет етеді және лексикология, семасиология, ономасиалогия, лексикография т.б. салаларын қажет етеді. Жұмысында қазақ тілдері жер-су атауларының қалыптасуындағы лингвистикалық табиғаты айқындалып, аталым когнитивті теориясы  тұрғысынан сараланып,  оның аталым үдерісіндегі қызмет көрсетілді. Жер-су аталымдары біртұтас лексикалық бірліктер екені танылды.

         Қоршаған ортаны танып білудегі ұлттық ерекшелік, дүниетаным, мәдениет аталым жасауда міндетті бөлшектердің бірі саналады. Адамның ментальді табиғаты, оның ішкі ойлау тетіктері (түйсіктері) когнитивті ғылымның нысаны десек, бұл құбылыс жер-су атауларынан анық көрінеді.        Абай жолындағы жер-су атауларында халықтың дүниетанымы анық көрініс тапқан.

         Қазіргі Абай ауданының тарихи жерлері деп аталатын Абай Құнанбайұлынан да өзге тарихи тұлғалар: Ботантай батыр, Шерубай батыр, Бай тамы  (Игілік би мазары), Байдәулет тауы, Жалайыр бейіті деген тарихи жер атаулары да бар екені ғылымда белгілі, оны зерттеген ғалым да бар. 2012 жылы Абай қаласында өткен «Ел тарихы – жер тарихы» атты облыстық семинар өткізіп, бір ауданның микротопонимикасын ғылыми-тілдік тұрғыдан зерттеген филология ғылым­дарының докторы, профессор Асылбек Жартыбаевтың «Абай ауданының то­понимикасы» (жер-су атаулары) зерт­теу кітабының тұсаукесері болып, се­минар жұмысында  өңірдің жер-су, елді мекен атаулары арнайы сөз етіліп, тарихи-лингвистикалық, этимологиялық (атаулардың шығу төркіні), этно-мәдени негіздері жүйелі, әрі тілдік тұрғыда тал­қыланған.

         Қорыта айтқанда, жазушы тілінде қоданылған қазіргі әдеби тіл нормасымен барлық уақытта сәйкес бола бермейтін жер-су атауларының тұлғалары мен мағыналары күңгірт немесе суреттелген мәнде ұғынылатын (тура мағынасында емес) тарихи-этимологиялық жақтан іздеп кеткенде бір ұштығы көне жазбалар тілі мен туыстас түркі тіліндегі тұлғалардан табылатын қолданыстарға, яғни ұлттық әдеби тілімізге жат емес, халықтық тілдік қара қазанынан қайнап шығып, проза ділімен өрнек тапқан өз жәдігерліктеріміз деп қарастырамыз. Ал мұндай аталымдардағы сөз жәдігерліктерін зерттеу ұлттық әдеби тіл мен халықтық тілдің қарым-қатынасы айқындауға, тілдің қолданыс дәрежесін анықтауда, әлі күнге дейін арнайы зерттелмеген, бірақ зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі – қазақ халқы қалыптасқанға дейінгі Қазақстан жерін мекендеген ру-тайпалардың тілінде және олардың өзара қарым-қатынасында кездесетін атаулардың қолданылғанын анықтап, зерттеуге мүмкіндік береді.

         Тарихымыздағы бірнеше атаулардың мәнін терең зерттей келе, тіліміздің даму тарихын, халық тіршілігінің ежелгі көрінісіндей етіп сақтайтын атаулар тарихы түрлі салаларда әлі талай-талай зерттеу нысаны болады деп ойлаймыз.

  Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ««Қазақстан 2050» – қалыптасқан елдің жаңа саяси бағыты»» Қазақстан халқына Жолдауы, 14.12.2012ж.

2.Ел тарихы –  жер тарихы Құрманғазы Сембиев «Лингва» ғылыми білім беру орталығы, Орталық Қазақстан академиясының профессоры // Интернет материалдары. 2012ж.

3.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы. 2005ж.

  1. Жанұзақов Т. Қазақстан Республикасының топонимдерінің сөздігі. Алматы.
  2. Ержанова Ұ. Жер-су атауларындағы ұлттық таным // Ономастикалық Хабаршы 2004, №1.
  3. Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер-су аттары сөздігі. Алматы, 1985 ж.
  4. Әбдірахмаов А. Қазақстан жер-су аттары. Алматы.
  5. Каймулдинова К. Қазақ топонимдерінің этно-экологиялық негіздері.
  6. Молчанова О.Т. Гидронимы и эронимы Горно – Алтайский А. диссертации канд. филол. наук. Томск. 1968.
  7. Жанұзақов Т. Основные проблемы ономастики казахского языка. Автореф. дисс. докт. филол. наук. Алма-Ата, 1976.
  8. Сағидоллақызы Г. Түркі (қазақ) және монғол халықтарының тарихи-мәдени байланыстарының топонимияда белгілену. ЖШС «Полиграфист», 2000.
  9. Исаев Д. Жер-су аттарының сыры. Фрунзе, 197
  10. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы. ҚРҮ №45 қаулы, 2005ж.
  11. Маратұлы Ш. Жер-су атаулары сөздігі («Абай жолы» романы бойынша). А., 2012ж.
  12. Әбласан Ә. Көне сөздер құпиясы. 1995.
  13. Әбдірахманов А. Қазақстанның жер-су аттары. 1959.
  14. Маратұлы Ш. Жер-су атаулары («Абай жолы» романы бойынша). Ғылыми конференция материалдары, А., 2012ж.
  15. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі, -А., 1969.
  16. Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. –А., 1994.
  17. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10 томдық.
  18. Әбдірахманов А. Қазақстан этнотопонимикасы. – Алматы: Ғылым, 1979.
    22. Әбдірахманов А. Қазақстанның жер-су аттары. – Алматы: Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасы, 1959.
    23. Әбдірахманов А. Топонимика және этимология. – Алматы: Ғылым, 1975.
  19. 24. Джанузаков Т. Очерк казахской ономастики. – Алматы: Наука, 1982.
    25. Джанузаков Т. Тайны имен. – Алма-Ата,1974.
    26. Джанузаков Т. Тюркская ономастика. Перспективы и развитие. – Алма-Ата: Наука, 1990.
  20. 27. Жанпейісов Е. М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының тілі (тарихи-этимологиялық байқаулар, материалдар). – Алматы, 1976.
  21. 28. Жанпейісов Е. Этнокультурная лексика казахского языка (на материалах произведений М.Ауезова). Алматы, 1989.
    29. Жанұзақ Т. Жер-су атаулары. – Алматы, 2011.
  22. Жанұзақ Т. Тарихи жер-су аттарының төркіні. Алматы: Сөздік-Словарь, 2010.
    31. Жанұзақ Т. Есімдер сыры. Тайны имен. Алматы, 1974.
    32. Жанұзақ Т. Есіміңіз кім? Ваше имя? – Алматы: Қазақстан. 1989.
    33. Жанұзақ Т. Қазақ есімдерінің тарихы. – Алматы,1971.
    34. Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. – Алматы-Астана: «Іс Сервис» ЖШС, – 2006.
    35. Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. Атаулар сыры. – Алматы: Дайк Пресс, 2007.
    36. Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. Топонимика. – Павлодар, 2008.
    37. Жанұзақ Т. Қазақ тіліндегі жалқы есімдер. – Алматы,1965.
    38. Жанұзақ Т. т.б. Қандай есімді ұнатасыз? Какое выбрать имя? – Алматы, 1968.
    39. Жанұзақ Т., Рысбергенова Қ. Қазақ ономастикасы: Жетістіктері мен болашағы. – Алматы, 2004.
    40. Жанұзақ Т., Әбдірахманов А. т.б. Орталық Қазақстанның жер-су аттары. – Алматы: Ғылым, 1989.
    41. Жанұзақ Т., Есбаева К. Қазақ есімдері. – Алматы: Ғылым. 1988.
    42. Жанұзақ Т., Рысбергенова Қ. Қазақ есімдерінің анықтамалығы. – Алматы, 2009.
  23. Керімбаев Е. Атаулар сыры. – Алматы: Қазақстан, 1984.

44.Нұрмағамбетов Ә. Жер-судың аты – тарихтың хаты. – Алматы, 1994.

  1. Тілеубердиев Б. Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері – 2006.
  2. Рысберген Қ. Қазақ топонимиясының лингвокогнитивтік және этномәдени негіздері – 2010.
  3. Әлімхан А. Шығыс Қазақстанның оңтүстік аймағы топонимдерінің тілдік және этномәдени негіздері – 2001.
  4. Орынбетова Э. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының ономастикалық кеңістігінің лингвомәдени сипаты – 2010.
  5. Жартыбаев А. Орталық Қазақстан топонимиясының тарихи-лингвистикалық, этимологиялық және этномәдени негіздері – 2006.

 Алмасханұлы Мағжан. Мектеп: №175 гимназия Сынып: 9 М сынып

Ғылыми жетекшілері:

филология ғылымдарының докторы, профессор  Б.Әбдіғазиұлы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Ж.Қойгелдинова

-ЖАРНАМА-spot_img

1 COMMENT

  1. Ғылыми жобаларыңыз,өте ауқымды тақырыпты қамтыпты. Қазақтың ұлттық құндылығының тарихи негізін танып білетін адамдар бағасын беріп жатқан шығар. Бір өкініштісі кейде осындай керемет дүниелерге немқұрайлы қарап,атүсті қарайтын таяз білімді адамдарды да кезіктіресіз. Сіздер сияқты біз де ғылыми жобамызды М. Əуезовтың ”Абай жолы”роман эпопеясындағы əйелдер образына жеке-жеке талдау жасаған едік. Бұны жоба ретінде қабылдай алмаған ұстаздарымыз 3-орынға қойыпты. Мен үшін ұлттық құндылыққа өресі жетпейтіндерге ьəрі оңай сияқты көрінді. Оқушыма жаным ашыды,жас ұрпақ кітап оқымайды деп кінə тағамыз оп-оңай болдырып. Əділетсіздікті көріп отырған бала,алдыңғы білімнен қандай үміт күтеді….?

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА