Бүгінгі күнге дейін ұлттық бірыңғай тестілеудің екі күні өткізілді.
2 және 3 маусым күндері өткізілген тестілеуге 37157 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 26995, орыс тілінде – 10162 бітіруші.
Тестілеу бірінші күні 44 ҰБТӨП-тің, ал екінші күні 60 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді.
Тестілеудің екі күнінде мүмкін болған 125 балды 6 бітіруші жинады:
– Маткалиева Динара Маратқызы, «Ш.Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия» (Алматы қ.);
– Меирханова Аружан Ерланқызы, «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» (Алматы қ.);
– Оспанова Рамзия Рамазановна, «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» (Алматы қ.);
– Мухаметкали Еркежан Досенқызы, «№175 гимназия «Жаңа ғасыр» (Алматы қ.);
– Махамбетов Қалдыбек Ибрагимұлы, «№169 мектеп-лицей» (Алматы қ.);
– Беркинова Акнур Нурболовна, «Қаратөбе мектеп-гимназиясы» (Батыс Қазақстан облысы).
Тестілеудің екі күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 10 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде:
– ұялы байланыс телефондары тәркіленген – 9 бітіруші;
– емтихан материалдарын бүлдірген – 1 бітіруші.
Келесі кестеде ҰБТ-ның тестілеу күндері бойынша қысқаша нәтижелері келтірілген:
№ |
Лек күні |
Өтініш саны |
ҰБТ-ға қатысты |
Өту деңгейінен өте алмағандар |
Бес пән бойынша 100-ден жоғары |
Тестілеудің бір пәні бойынша қанағаттанарлықсыз баға алғандар |
||||||||
барлығы |
қаақ |
орыс |
барлығы |
қаз |
орыс |
барлығы |
қаз |
орыс |
барлығы |
қаз |
орыс |
|||
1 |
02.06 |
18599 |
13349 |
5250 |
17933 |
13025 |
4908 |
2274 |
1615 |
659 |
3834 |
2811 |
1023 |
480 |
2 |
03.06 |
19802 |
14189 |
5613 |
19224 |
13970 |
5254 |
3306 |
2347 |
959 |
3244 |
2274 |
970 |
709 |
Барлығы |
38401 |
27538 |
10863 |
37157 |
26995 |
10162 |
5580 |
3962 |
1618 |
7078 |
5085 |
1993 |
1189 |
|
% |
100 |
71,712 |
28,288 |
96,761 |
72,651 |
27,349 |
15,017 |
71,004 |
28,996 |
19,049 |
71,842 |
28,158 |
|
Тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады.
Апелляцияға өтінішті беру барысында бітірушінің әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек.
2016 жылы 3 маусымда Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 123 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 25 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни жалпы қолданған тест тапсырмаларының 0,5-ті құрайды. Негізінде бұл апелляциялар қазақ тілінен, математика, Қазақстан тарихы пәндерінен болды.
Келіп түскен өтініштерді қанағаттандырудың негізгі себебі:
- әртүрлі авторлардың оқулықтарындағы оқылудың айырмашылығы;
- техникалық себептер, оның ішінде баспалық қателер.
Сонымен қатар, өту деңгейінен өте алмаған бітірушілер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқуға түсуіне құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-сі мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі.
Қазбілім порталы