22.11.2024

ҰБТ – 2016 алғашқы екі күннің қортындысы

Бүгінгі күнге дейін ұлттық бірыңғай тестілеудің екі күні өткізілді.

2 және 3 маусым күндері өткізілген тестілеуге 37157 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 26995, орыс тілінде – 10162 бітіруші. 

Тестілеу бірінші күні 44 ҰБТӨП-тің, ал екінші күні 60 ҰБТӨП-тің  базасында өткізілді.

Тестілеудің екі күнінде мүмкін болған 125 балды 6 бітіруші жинады:

Маткалиева Динара Маратқызы, «Ш.Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия» (Алматы қ.);

Меирханова Аружан Ерланқызы, «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» (Алматы қ.);

Оспанова Рамзия Рамазановна, «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» (Алматы қ.);

Мухаметкали Еркежан Досенқызы, «№175 гимназия «Жаңа ғасыр» (Алматы қ.);

Махамбетов Қалдыбек Ибрагимұлы, «№169 мектеп-лицей» (Алматы қ.);

Беркинова Акнур Нурболовна, «Қаратөбе мектеп-гимназиясы» (Батыс Қазақстан облысы).

Тестілеудің екі күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 10 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде:

– ұялы байланыс телефондары тәркіленген – 9 бітіруші;

– емтихан материалдарын бүлдірген – 1 бітіруші.

Келесі кестеде ҰБТ-ның тестілеу күндері бойынша қысқаша нәтижелері келтірілген:

Лек күні

Өтініш саны

ҰБТ-ға қатысты

Өту деңгейінен өте алмағандар

Бес пән бойынша 100-ден жоғары

Тестілеудің бір пәні бойынша қанағаттанарлықсыз баға алғандар

барлығы

қаақ

орыс

барлығы

қаз

орыс

барлығы

қаз

орыс

барлығы

қаз

орыс

1

02.06

18599

13349

5250

17933

13025

4908

2274

1615

659

3834

2811

1023

480

2

03.06

19802

14189

5613

19224

13970

5254

3306

2347

959

3244

2274

970

709

Барлығы

38401

27538

10863

37157

26995

10162

5580

3962

1618

7078

5085

1993

1189

%

100

71,712

28,288

96,761

72,651

27,349

15,017

71,004

28,996

19,049

71,842

28,158

 

Тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады.

Апелляцияға өтінішті беру барысында бітірушінің әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек.

2016 жылы 3 маусымда Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 123 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 25 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни жалпы қолданған тест тапсырмаларының 0,5-ті құрайды. Негізінде бұл апелляциялар қазақ тілінен, математика, Қазақстан тарихы пәндерінен болды.

Келіп түскен өтініштерді қанағаттандырудың негізгі себебі:

  • әртүрлі авторлардың оқулықтарындағы оқылудың айырмашылығы;
  • техникалық себептер, оның ішінде баспалық қателер.

Сонымен қатар, өту деңгейінен өте алмаған бітірушілер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқуға түсуіне құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-сі мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі.

Қазбілім порталы

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА