07.11.2024

Қазақстан ғалымдарының қара тізімі әзірленеді…

Қазақстан ғалымдарының «қара» тізімі әзірленеді. Бұл туралы бүгін ғылым саласына қатысты заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасының тұжырымдамасын талқылауға арналған ведомствоаралық комиссия отырысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асланбек Әмрин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ғылым туралы қолданыстағы заңда нормалар мен ұстанымдардың бұзушылығын анықтау және ескерту үшін ғылыми әдеп сынды маңызды түсінік толық көлемде ашылмаған. Біз ғалымдардың қара тізімі деп аталатын түсінік енгізуді жоспарлаудамыз. Ол дұрыс сараптама бермейтіндерге немесе оларға атүсті қарайтындарға, плагиат мәселесіне қатысты болады», – деді ол.

Оның айтуынша, заң жобасы аясында Үкіметтің құзырынан ғылым бағыты бойынша ғылыми кеңестер құру құзіретін алып, оны Білім министрлігіне беру жоспарланған.

«Біз бұл ұстанымдарды регламенттемекпіз. Өйткені, «ұлттық ғылыми кеңестер жабық қоғамдастық» деген шағымдар көптеп түсуде. Олардың жоба ортасына келген бюджетін қысқартуға, тіпті оның мемлекеттік тапсырма немесе қаулы екендігіне қарамастан да жобаны мүлдем жауып тастауға, сонымен бірге ғылымды қаржыландыру мәселесін қайта қарауға құқы бар» , – деді Әмрин.

Министрлік ұсынып отырған тағы бір жайт ғылымды қаржыландыруды қайта қарастыруға қатысты. Атап айтқанда, тапсырыс беруші мен орындаушының жауапкершілігі қарастырылған. Оған сәйкес мониторинг нәтижесінде тиімсіз пайдаланылған қаржы бюджетке міндетті түрде қайтару көзделеді. Алдағы уақытта енгізілетін өзгерістерге байланысты жобалар мен бағдарламаларға бөлінетін бюджет қаржысының бірыңғай әкімшісі ғылымды дамыту бойынша үйлестіруші ретінде  Білім және ғылым министрлігіне жүктеледі. Оған бейінді министрліктер мен ведомстволардан зерттеуді қаржыландыру және үйлестіру өкілеттіктері беріледі.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА