07.11.2024

Журфакты медиа академиясы ету керек.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Ә. Абаев мырзаға:

 Құрметті Дәурен Әскербекұлы!

Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік ақпарат саясатын талапқа сай әлемдік стандарт негізінде жүзеге асыру үшін аталмыш салада мамандарды сапалы оқыту, қайта даярлау, біліктіліктерін арттыру мәселесі өзекті де маңызды факторға айналып отыр. Аталмыш факторды негізге ала отырып, Сіз басқаратын министрлікке қарасты ұлттық статусы бар «Ақпарат және масс-медиа коммуникация Академиясын» ашып, құрылымдаудың жолын қарастыруларыңызды сұраймыз. Мұндай тәжірибе әлем елдерінің бірқатарында бар және өз еліміздегі Президент жанындағы Басқару академиясын, СІМ жанындағы Дипломатия академиясын және ҚР МСМ-не қарасты Қазақ ұлттық өнер университеті, Би академиясын атап айтсақ та жеткілікті.

«Ақпарат және масс-медиа коммуникация Академиясын» ашуға практикалық база болатын Сіздің министрлікке қарасты ақпарат құралдарының сыртында «Қазконтент» АҚ, «Қазмедиа орталығы» секілді салалық құрылымдар да баршылық. Бакалавриат-магистратура-докторантура үш сатылық білім беру жүйесін қазіргі таңдағы Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетіндегі профессор-оқытушылар құрамы мен білім гранты және ақылы негізде оқитындарды сол оқу орнынан босатып, түгелдей тарту арқылы Академияны толықтай жасақтауға мүмкіндік бар.

Ұсынысымызға мұқият назар аударып, мәселенің оң шешім табуына және жаңадан талқыланып жатқан заң жобасына да енгізу жағын қарастыруларыңызды сұраймыз.

 Зор ілтипатпен, “Шабыт” шығармашылық орталығының директоры, халықаралық журналист Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА