07.11.2024

Келер жылы емтихан екіге бөлінеді.

Заман ағымына сай білім беру жүйесін жаңартып отыру – уақыт талабы.

Бүгін де мектептегі білім жүйесіне енгізіліп жатқан өзгерістермен қатар, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру жүйесінде де жаңалықтар бар. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қандай жұмыстар атқарылмақ? Ендігі талапкерлерді не күтеді? Осы уақытқа дейін қанша оқу орны біріктірілді? Бұл жөнінде ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Дархан Ахмед-Закиден білген едік.

– Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асуда?
– Бұл бағдарлама биыл ғана қабылданды. Ондағы негізгі бағыттар келесідей. Ең ал­дымен, ЖОО-дағы білім беру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның мазмұнын анықтаудағы ака­де­мия­лық еркіндік кеңейтілді. Бұл шара ЖОО-ларға еңбек нарығында бәсекеге қа­бі­летті білім беру бағдарламаларының кең спектрін ұсынуына жағдай жасап отыр. Еңбек нарығының қажеттіліктеріне не­гізделген бұл бағдарламалар кәсіп­орын­дармен серіктестікті нығайтуға, түлектердің даярлық сапасын көтеруге бағытталған. Сонымен қатар кәсіптік қоғамдастықтар өткізетін түлектердің біліктілігін растау және сертификациялау жүйесін қалып­тастыруға арқау бола алады.    
Мәселен, қазіргі кезде Еуропалық жүйемен үйлестіріліп, Ұлттық біліктілік жүйесінің негізінде әзірленген 70 кәсіптік стандартқа сәйкес білім беру бағдар­ламалары әзірленуде. ЖОО-лар келешекте түлектерін кәсіби стандартқа сай дайындап шығаруы тиіс. Білім кеңістігінде бәсекеге қабілетті болуы үшін студенттердің білік­тілігін арттырып, шет тілдерінде оқы­ты­латын пәндер қатарын кеңейтеді. Тиі­сінше, ЖОО-лар индустриямен, ком­­­па­ниялармен тәжірибе алмасуға және тығыз серіктестік орнатуға негізделеді. Сондықтан оқытуға тек ғылым доктор­ларын, кан­дидаттарын және PhD доктор­ларын ғана емес, сонымен қатар магис­тр­лерді және өндірістен келген мамандарды жұмылдыру қажет. Сондай-ақ ЖОО-ға кор­поративтік басқару органдарын (байқау кеңестері, қамқоршылық кеңестер және директорлар кеңесі) толығымен енгізу қарастырылуда. Өз кезегінде олар ашық түрде жұмыс жүргізулері керек.  Соған сай жо­ғары мектептің әлеуметтік аспектісі арта түс­пек. Бұл инклюзивті білім беру жүйе­сінің қалыптасуына алып келеді. Әртүрлі санат­тар бойынша білім алу­шыларға ака­де­мия­лық ұтқырлық мүм­кіндігін беру көзделіп отыр. Осы орайда педагогикалық және ата-аналар қа­уымдастығының ұсы­ныстарын ескере оты­рып, жоғары оқу орындарына қабылдаудың жаңа форматы жасалып жатыр.
Қазіргі таңда мектеп бітіру және оқуға түсу барысындағы емтихандар бірік­тірілген. Келесі жылдан бастап бұл ем­тихан: мектептен кейінгі емтихан мен ЖОО-ға түсу үшін тапсырылатын емтихан болып екіге бөлінеді. Бұл орайда негізінен SAT технологиясы ескерілетін болады. SAT тест деп отырғанымыз – әлемдік тәжірибедегі ЖОО-ға қабылдауға арналған стандартты тест, бұл Америкада кеңінен қолданылады. Яғни талапкердің таңдаған мамандығы бойынша тереңдетілген білімін бағалайды. Мысалы, ол физика маман­дығына оқуға түсетін болса, физикадан сұрақтар көбірек келуі мүмкін. Физикалық құбылысты си­пат­тау, оны жан-жақты қалай бағалай ала­тынын анықтайтын сұрақтар болады. Тағы бір міндетті ком­понент, ол – логикалық сұрақтар қою және міндетті түрде талап­кер­дің мате­матикалық білімін бағалау. Қандай маман­дықты таңдаса да, математикалық біліммен қатар тілдік деңгей де анықталады. Осы шара­лардың барлығы Назарбаев Уни­верситеті тәжірибесі негізінде, жоғары оқу орындарының академиялық, басқа­ру­шы­­лық және қаржылық дербестік жағ­дайында жүзеге асырылатын болады. Бұл 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағ­дар­ламада және «100 нақты қадам – Ұлт жос­парының» 78-қадамында бекітілген. 
– Бұл қаншалықты деңгейде талқыланып жатыр? Талапкерлерден ағылшын тілінің IELTS, TOEFL сынды деңгейінің болуы міндеттеле ме?
– Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі ЖОО-ға түсу емтиханы немесе Ұлттық бірыңғай тестілеу форматын анықтауда. Сондай-ақ бұл мәселе жан-жақты талқылануда, республикалық тамыз кеңесінде ұстаздар қауымы талқыға салды. Осы жылдың соңына дейін жаңа формат бекітілуі тиіс. Ал ағылшын тілінің дең­гей­лері магистратураға түсетіндерден ғана талап етіледі. Бакалавриатқа түсушілерге міндеттелмейді.  
– 2017 жылдан бастап ЖОО-ларда мемлекеттік аттестаттаудың орнына ха­лықаралық аккредиттеу  өткізілетіні айтылып еді. Ол қалай жүзеге аспақ? Бұдан барлық университеттер өтуі қажет бола ма? 
– Білім сапасы аккредиттеу арқылы бағаланатыны белгілі. Сондықтан ЖОО-лар білім беру қызметінің сапасына сенімді болған жағдайда ғана  аккредиттеуден өтеді. Мәселен, бүгінгі күні ұлттық инсти­ту­цио­налдық аккредиттеуден 72 жоғары оқу орны, ұлттық маманданды­рылған аккредит­теуден 55 жоғары оқу орны өтті.  
Расымен, 2017 жылдан бастап мем­ле­кеттік аттестаттау орнына халықаралық аккредиттеу  өткізілетін болады. Аталған тексеруден өту, өтпеуі ЖОО-ның өз ерік­терінде. Аккредиттеуден өтпеген жағдайда білім беру сапасына қатысты жауапкершілік университеттердің өздеріне жүктелмек. Осы санаттағы – ЖОО-лар түлектеріне өзін­дік үлгідегі диплом береді. Бұл «Білім ту­­ралы» Заңға енгізілген соңғы өзгер­ту­лер­дің бірі. Бұл норма білім сапасына қарай, бә­се­кеге қабілетті жоғары оқу орындарын анық­тауға көмектеспек. Сондай-ақ 2017 жылдан бастап аккредиттеуден өтпеген ЖОО-ға мемлекеттік білім беру тапсырысы беріл­мейді. Осы орайда Министрлік жоғары оқу орындарын аккредиттеудің талаптары мен институтын жетілдіруді қарастыруда. Со­нымен қатар  аккредиттеу агенттіктері қызметінің ашықтығы мен тәуелсіздігін арт­­тыру шараларын  қолға алудамыз.  
– Осыған дейін ЖОО-лардың саны екі есеге дейін қысқаратыны айтылған. Қаншасы жабылды, қаншасы біріктірілді? 
– Жалпы, жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім берудегі мақсат – білім, ғылым және инновацияны біріктіру арқылы отан­дық экономика нарығын жоғары және ЖОО-дан кейінгі білімі бар бәсекеге қа­бі­летті кадрлармен қамтамасыз ету. Осыдан бес жыл бұрын Қазақстанда 148 ЖОО болса, бүгінгі күні – 131.
– Қазақ – Британ техникалық уни­вер­ситеті мен Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетін бірік­тіргенде ірі ғылыми-зерттеу орталығын құру міндеттелген еді. Қазір орталық жұмыс істеп жатыр ма?  
– Бұл мәселеге қатысты сөз қозғайтын болсақ, Қазақстанда жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім берудің басымдығы ре­тінде білім, ғылым және өндірістің үштұ­ғыр­­лы­лығын дамыту көзделгендігін атап кеткен дұрыс. Бірінші зерттеу университеті болып – Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерт­теу техникалық университеті құрылды. Мұнда іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу­лерді орындайтын еліміздің жетек­ші ға­лым­дар тобы  қалыптасты. Нәти­же­сін­­де, биыл­ғы жылдың қоры­тын­дысы бо­йын­ша бри­­­­тандық QS агенттігі жүргізген әлемдік ЖОО-ның рейтингісінде ҚазҰТЗУ 411-420 үздік университеттерінің қатарына енді. Был­­тырғы жылмен салыстырғанда, тізім бо­йынша 74 орынға көтерілді. Атал­мыш орталық бүгінде жұмысын нәтижелі жүргізуі үшін бірқатар шаралар жос­пар­лануда.  

Сұхбаттасқан 
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ

aikyn.kz

 
-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА