07.11.2024

Білім саласында тың өзгерістер қажет

Білім саласында тың өзгерістер қажет. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Рита Сұлтанғалиева осылай айтты.

Оның айуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде әлеуметтік сала мәселелеріне ерекше тоқталды.

Соның ішінде көпбалалы отбасыларға қамқорлықты күшейту, әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарды қолдау, табысы аз қызметкерлердің жалақысын көтеру, тұрғын үй мәселелерін шешумен қатар білім беру мен денсаулық сақтау саласын түбегейлі жақсарту, аймақтарды кешенді дамыту бағытында нақты тапсырмалар берді.

«ЖОО қызметкері ретінде, әрине, білім саласындағы мәселелер бізді жиі толғандырады. Елбасы осы саладағы реформалардың нәтижелі аяқталуын талап етіп, оның жүзеге асыру жолдарын көрсетіп берді», дейді Рита Сұлтанғалиева.

Оның пайымдауынша, қазіргідей кезеңде жеткіншек ұрпаққа білім беруде үлкен талаптар жүктеліп отыр. Табысқа жету үшін педагогтардың біліктілігін үнемі арттырумен бірге білім орындарының материалдық базасын жақсарту, мазмұнды оқыту бағдарламаларын енгізу қажет. Бұл орайда асығыстық жасамай, «жеті рет өлшеп, бір рет кесу» маңызды.

«Мемлекет басшысы айтқанындай, әр аймақта кемінде бір жан-жақты дамыған, өзгелер үлгі алатындай, жетекші жоғары оқу орны мен 10 колледж жұмыс жасаса, бұдан бәрі де ұтар еді. Екіншіден, шынында да, кез келген оқу орнын түлектердің жұмысқа орналасуына қарай бағалап отырса, сонда бәрі айқын көрініп тұрар еді. Үшіншіден, мектептер де алдыңғы қатарлы білім ордаларына бағыт ұстап, барынша тезірек бейімделсе, сапа жетіле түсер еді. Ең бастысы, алда тұрған міндеттер айтылды, енді соны көп болып жүзеге асыру қалып тұр», деп түйіндеді ойын оқытушы-ұстаз.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА