22.11.2024

ТӨРТ УНИВЕРСИТЕТ ПЕН БІР АКАДЕМИЯ САТЫЛАДЫ

Қаржы министрлігі еліміздегі бірқатар жоғары оқу орындарын сатылымға шығарды.  7 наурыз күні өтетін аукцион бағаны көтеру тәсілімен өтеді. Аукционның аталған тәсіліне сәйкес, бастапқы бағадан жоғары баға ұсынған тұлға жеңіске жетеді. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сатуға шығарылған нысандар қатарында Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Қазақ сәулет-құрылыс академиясы, Алматы энергетика және байланыс университеті бар.

Бұл нысандардың 35 пайыздық үлесі сатуға шығарылған.  Алматы энергетика және байланыс университетінің 33,65 пайызы саудаға ұсынылды.

Сатылатын нысандардың бастапқы бағасы әртүрлі – Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің бастапқы бағасы 1 711 278 931,00 теңге, кепілдік жарна – 75 750 000,00 теңге.  А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті үшін, кем дегенде, 336 396 978,00 теңге сұралып жатыр. Қазақ сәулет-құрылыс академиясының бастапқы бағасы 2 522 061 695,00 теңге деп белгіленген. Алматы энергетика және байланыс университеті үшін сауда 1 401 617 089,00 теңгеден басталады.

Сондай-ақ, саудаға Республикалық су және қосалқы спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі де сатылымға шығарылды. Бастапқы бағасы   331 060 000,00 теңге.

Аталған нысандардың барлығы электронды тендер арқылы сатылады.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА