23.11.2024

Қазақстанда электронды оқулықтарды 1 мың оқушы қолданады

Алдағы жақын уақытта Қазақстанның барлық мектептерінде электронды оқулық форматы енгізіледі. Жаңартылған мазмұндағы оқулықтармен қазірдің өзінде 1 мыңға жуық оқушы білім алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматыкітап» баспасы электронды оқулықтарды 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап енгізе бастады. Пилоттық жоба бойынша елдің 5 өңіріндегі 11 мектеп қатысып жатыр.

Атап айтқанда, 1 мың оқушы мен 350 ұстаз электронды оқулықты қолдану үстінде. Электронды оқулықтарды қолдана отырып, алғашқы ашық сабақ Астана қаласындағы № 85 мектепте өткен болатын. «Мен өз смартфоным арқылы Opiq.kz қолданып келе жатқаныма бір жыл болды. Онлайн платформа кез келген интернет желісі ұстайтын жерде ашыла береді. Енді оқушылар ауыр сөмке тасып жүрмейді.

Барлық оқушылар көшсе жақсы болар еді», – деді Астанадағы №62 мектеп лицейінің оқушысы Дамир Сарманов. Opiq.kz платформасында  1, 2, 3, 5, 6 және 8-сыныптардың оқулықтары бар. Бұл оқулықтарда интерактивті мультимедиалық материалдар көп орналасқан. «Жоба Цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында жасалды.

Үйге жекелеген, топтық тапсырма бере аламыз. Үй тапсырмаларын орындау өте тиімді. Информатика, математика, география сияқты пәндер қосылған», – деді №62 мектеп мұғалімі Алма Тұрғанбекова.

Айта кету керек, бұл бағдарлама әлемнің бірнеше елдерінде жұмыс жасайды. Қазақстандағы бағдарлама эстондық әріптестердің озық тәжірибесіне сүйене әзірленген.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА