22.11.2024

Қазақстандық университет алғаш рет ASIIN халықаралық аккредитациясынан өтті

Қазақстандық университет алғаш рет ASIIN халықаралық аккредитациясынан өтті, деп хабарлайды  ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтері бойынша, әлемдік тәжірибеге сәйкес  бүгінгі күні университетті акредиттеу, оның жұмысының алғышарты болып саналады және халықаралық аккредиттеудің алғашқы нәтижелері оның отандық жоғары білім беру жүйесіне қажеттілігі мен маңызы туралы айтуға мүмкіндік береді.

2016 жылы Халықаралық IT Университеті сапалы білім беруді ұсыну мақсатында ASIIN (Германия) аккредиттеу агенттігіне өтініш беріп, Қазақстан университеттерінің тарихында тұңғыш рет 5 жылдық халықаралық институционалдық аккредитацияны алды.

Айта кеткен жөн, аталған университет ұжымы ASIIN сараптамалық комитеті үшін есепті 2 жыл бойы дайындады. Аккредиттеу комиссиясының шешімі бойынша, ХАТУ институционалдық халықаралық аккредитациядан өткен Қазақстандағы жалғыз университет болды.

ASIIN тексеру процедурасының нәтижелері ХАТУ-дың сапаны анықтау, ресурстарды басқару және құжаттаманың ашықтығы сияқты салалары жетілген деңгейде екендігін көрсетті. Университеттің ректоры Дамир Шыныбековтің айтуынша, ASIIN университеттердің қызмет сапасын бағалайды және еуропалық стандарттар мен критерийлерге сәйкестіктігін мойындайды.

Жалпы, бүгінгі таңда еліміздегі жоғары оқу орындарында әртүрлі,  ашық білім беру бағдарламалары жасалып, әлемдік еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігі артып келеді.

Айта кетейік, ASIIN – бұл университеттің халықаралық стандарттарға сәйкестігін растау рәсімі.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА