23.11.2024

Назарбаев зияткерлік мектебіне қалай түсуге болады?

Әлқисса

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы

Қазақстанның 21-ғасырдың басындағы қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуы техникалық, басқарушылық және көшбасшылық құзыреті жоғары деңгейдегі мамандарға аса қажеттілікті тудырды, сондықтан 2008 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша Зияткерлік мектептер құру жөніндегі жоба іске қосылды.

Зияткерлік мектептер бастауыш мектеп (оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту), негізгі мектеп және жоғары мектеп деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының қазіргі заманғы модельдерін әзірлеуді, оларға мониторинг жүргізуді, зерттеуді, талдауды, байқаудан өткізуді, енгізуді және іске асыруды жүзеге асыратын эксперименттік алаң болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы қазіргі бар білім беру талаптары мен стандарттары білім беру саласындағы қазіргі заманғы басқару нысандарын лайықты  деңгейде енгізуге, инновациялық білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды іске асыруға мүмкіндік бермеді. Осыған байланысты инновациялық білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды іске асыру үшін қажетті білім беру саласындағы қазіргі заманғы басқару нысандарын енгізу, академиялық еркіндік пен дербестікті дамыту үшін 2011 жылғы 19 қаңтарда «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Бұл мәртебе білім беретін оқу бағдарламаларын дербес бекітуге, қабылдау емтихандарына қойылатын талаптарды белгілеуге, үлгерімділікті ағымдағы бақылауға, аралық және қорытынды аттестациялау мен басқаларына құқықты білдіреді. Академиялық еркіндік қағидаты жаңа бағдарламаларды әзірлеу мен байқаудан өткізуді жеделдетуге, орта білім беру жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Назарбаев зияткерлік мектептері қайда, қай бағытта?

Иә, Назарбаев зиткерлік мектептері бүгінгі қазақстандық білім беру жүйесініңдегі мектептердің лидерлерінің бірі. Ол мұғалімдер қосыны, заманауи жабдықталуы, мүмкіндіктерімен қазақстандық мектептердің көшін бастап тұр.

Қазақстанда  дәл қазіргі мезетте 21 Назарбаев зияткерлік мектебі бар. Олар 1-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін балаларды оқуға қабылдайды. қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде үш тілде білім береді. Мектептің екі негізгі бағыты бар – физика-математикалық және химия-биологиялық бағыттар. Елімізде тек Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында ғана осы екі бағыттағы мектептер бар. Ал, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, қалаларында физика-математикалық бағыттағы және Ақтау, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен қалаларында химия-биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептері және Нұр-Сұлтан қаласындағы (IB ) Халықаралық бакалавриат мектебі жұмыс жасайды.

Мектептердің толық байланысын да ескерте  кетейік, керегіңізге жарасын:

Құжаттарды қабылдау әр жылы оқу жылында жетоқсан-қаңтар айларында келесі мекен-жайлар бойынша жүргізіледі:

1) Нұр-Сұлтан қаласы (физика-математикалық бағыттағы), Хусейн бен Талал, көшесі, 21 (Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының аралығында, Назарбаев Университетінің арты), тел.:8(7172)55-98-03

2) Нұр-Сұлтан қаласы Хусейн бен Талал, көшесі, 19 (Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының аралығында, Назарбаев Университетінің арты), тел.: 8 (7172) 55-80-33

3) Ақтау қаласы, 33 ықшамауданы, 16 ғимарат, тел.: 8(7292)701066

4) Ақтөбе қаласы, Батыс-2 ықшамауданы, 26 аймақ, тел.: 8 (7132) 70-47-80

5) Алматы қаласы, (физика-математикалық бағыттағы), Жамақаев көшесі, 145, Нұрлыбаев көшелерінің қиылысы, тел. 8(727) 331-01-00

6) Алматы қаласы (химия-биологиялық бағыттағы), Наурызбай ауданы, Қалқаман-2 ықшамауданы, Елібаев көшесі, 2-үй.  145, Нұрлыбаева көшесінң қиылысы, тел. 8(727) 331-01-10

7) Атырау қаласы, Нұрсая ықшамауданы, 11-көше., 22-ғимарат, тел.: 8 (7122) 55-85-51

8) Қарағанды қаласы, Шахтерлер даңғылы, 62, тел.:8 (7212) 558880

9) Көкшетау қаласы, Мирзоян атындағы көше, 59, тел.: 8 (7162) 25-31-40

10) Қостанай қаласы, Гагарин атындағы көше., 239 үй, тел.: 8(7142) 99-97-47

11) Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі. 8, тел.: 8 (7242) 55-11-51

12) Павлодар қаласы., Ткачев атындағы көше. 16/2 үй, тел.: 8 (7182) 70-47-40

13) Петропавл қаласы, И.Ибраев атындағы көше, 22А-үй, тел.: 8(7152)55-97-22, 55-97-28

14) Семей қаласы, Қарағайлы шағынауданы, 1, тел.: 8 (7222) 63-63-50

15) Талдықорған қаласы, Каратал ықшамауданы, 47-үй, тел.: 8 (7282) 21-98-61, 21-98-63

16) Тараз қаласы, Арай массиві, Домалақ ана көшесі. 266-үй, тел.: 8 (7262) 99-98-55

17) Өскемен қаласы, Сәтпаев даңғылы, 53 үй, тел.: 8 (7232) 56-01-25

18) Орал қаласы, Московская көшесі. 16-үй, тел.: 8 (7112) 22-27-04

19) Шымкент қаласы (физика-математикалық бағыттағы), Ақжайық ықшамауданы, Элитный қалашығы, 6-ғимарат, тел.: 8 (7252) 29-44-88

20) Шымкент қаласы (химия-биологиялық бағыттағы), Нұрсәт ықшамауданы, 1А үй, тел.: 8 (7252) 42-51-70

“Назарбаев зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымының бас офисі: Қазақстан Республикасы Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы, Хусейн бен Талал көш., 21/1 үй

Кеңсе: 8 (7172) 23-57-01

Оқушылармен жұмыс жөніндегі департаменті (конкурстық іріктеу): 8 (7172)  23-57-89, 23-57-90

Адами ресурстарды дамыту департаменті (мұғалімдермен жұмыс істеу): 8 (7172) 23-57-19

Сенім телефоны 8 800 080 00 95

Call-centre техникалық демеу қызметінің номері 8 (7172) 235 777

Мектептер туралы толық мәліметтер, жаңалықтар, конкурстар туралы ақпаратты мектептің www.nis.edu.kz сайтынан, немесе мектептердің әлеуметтік желідегі парақшаларынан біліп отыруға болады.

 Назарбаев зияткерлік мектептеріне қалай түсуге болады?

Назарбаев зияткерлік мектептері 0-7 сынып аралығында ақылы негізде ғана оқытады. Ал, 7-12 сынып аралығында ҚР Бірінші Президентінің «Өркен» білім беру грантынмен тегін білім алуға болады. Оқуға түсу конкурстық негізде жүзеге асады. Нақытырақ айтсақ:

1-сыныпқа:

Оқуға түсу үшін барлық балалар екі кезеңнен тұратын конкурстық іріктеуден өтуге тиіс. Алайда 1-сынып оқушылары үшін бұл талап жарамсыз екені айтпаса да түсінікті. Осы тұста әр ата-ана баласын Зияткерлік мектепке 1-сыныпқа қалай берсем болады деген сұраққа жауап іздейді. Оған жауап: 1-сыныпқа түсу Зияткерлік мектебінің жанындағы балабақшадан бастауыш мектепке конкурстан тыс тікелей ауыстыру арқылы іске асырылады. Бұл ретте, түсер алдында балалар психология-педагогикалық тексеруден өтеді.

2-6-сыныптарға оқуға түсу шарты бөлек.

Мұнда:

– математика;

– қазақ тілі;

– орыс тілі;

– дүниетану (2 – 4-сынып үміткерлері үшін);

– ағылшын тілі пәндерінен конкурстық іріктеу өтеді.

Оқушылар сынның екінші деңгейіне өту үшін 30 балдан жоғары ұпай жинауы тиіс. Бірінші кезеңнің нәтижелері жарияланғаннан кейін екі күн өткен соң екінші кезең өткізіледі. Осы кезеңнің негізгі мақсаты – математика бойынша Зияткерлік мектебінде оқуға деген даярлық деңгейін анықтау. Бұл жерде ескеретін жайт, 5-6-сынып оқушылары үшін екінші кезеңге өтуге 15 балдан жоғары ұпай жинауы керек.

7 – 11(12)-сыныптарға оқуға түсу кезінде үміткер оқушылар ҚР Бірінші Президентінің «Өркен» білім беру грантын жеңіп алу үшін бақ сынайды. Грант дарынды балаларға арналған және білім алушының оқу ақысын толық өтейді. Грантты конкурстық іріктеуден табысты өткен кезде алуға болады. Конкурс екі кезеңнен тұрады. Жалпы 1300 ұпайдан тұратын емтихан кезеңдері:

1-кезең:

      1. Математика – 40 сұрақ – 400 ұпай – 60 минут
      2. Сандық сипаттама– 60 сұрақ – 30 ұпай– 30 минут

2-кезең жалпы уақыты 120 минут:

      1. Қазақ тілі – 20 сұрақ – 200 ұпай
      2. Орыс тілі – 20 сұрақ – 200 ұпай
      3. Ағылшын тілі – 20 сұрақ – 200 ұпай

І турында математикадан межелі 140 ұпайды,  сандық сипаттаманың   35%  жинай алмаған жағдайда конкурсқа жіберілмейді

Ал конкурс нәтижелері мектеп ғимаратындағы стендтерде немесе «Назарбаев зияткерлік мектептері» сайтында орналастырылады. Қажетті балл санын жинаған, бірақ бос орындарының болмауына байланысты Зияткерлік мектебіне қабылданбаған үміткерлер резерв тізіміне енгізіледі. Осы тізім де «Назарбаев Зияткерлік мектептері» сайтында орналастырылады. Егер оқу жылы ішінде орын босаған жағдайда, Зияткерлік мектебінің директоры резервтік тізімдегі үміткерді конкурстық іріктеусіз қабылдауға құқылы. 7-11 сыныптарда ақылы негізде оқу қарастырылмайды, осы сыныптардың барлық үміткерлері «Өркен» білім беру гранты бойынша оқиды. Егер оқушы «Өркен» грантының иесі болып, оқу жылының соңында үлгерім табелінде ең болмаса бір «нашар» бағасы болса, онда ол грантынан автоматтық түрде айырылады. Бұл ретте, грантты мектеп жыл сайын өткізетін конкурстан өту нәтижелері бойынша қайта алуға болады.

Назарбаев зияткерлік мектептеріне қалай дайындалған дұрыс?

Назарбаев зияткерлік мектептерінің 7-12 сынып аралығында ҚР Бірінші Президентінің «Өркен» білім беру грантын жеңіп алу үшін дайындық бағытын ерте бастаған дұрыс. Бұл мектептердің қабылдау емтихандары балалар 6-сыныпта наурыздың алғашқы аптасында өтеді. Бұл грантты жеңіп алу үшін дайындықты 4 сыныпта математика және ағылшын тілінен бастаған дұрыс. Алдымен, оқушының математика мен логикасын күшейтіп алу шарт. Себебі, бұл пәндерден шектік балдан аспаса конкурсқа жіберілмейтінін жоғарыда атап өттік. Екінші сатыда де ағылшын тіліне баса назар аударған жөн. Емтихандағы ағылшын тілі баланың оқу сауаттылығын тексереді.  Сондықтан талапкер ағылшын тіліндегі мәтіндерді оқып, түсініп, соңында берілген сұрақтарға жауап бере алуы тиіс. Ал, бесінші сыныптан бастап, қазақ тілі мен орыс тілі пәнін қосқан дұрыс. Бұл пәндерде баланың оқу сауаттылығы тексеріледі, яғни мәтінмен жұмыс жасалынады.

Екі жыл кешенді дайындықтан жүйелі түрде өткен бала ғана грантты жеңіп алары сөзсіз. Себебі, бүгінде Назарбаев зияткерлік мектептері үшін конкурс өте күшті. Әдетте Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары үшін 1 орынға 30-ға жуық бала, ал, облыстарда бір орынға 20-ға жуық бала таласады. Бұл үлкен бәсеке, үлкен дайындықты қажет етеді. Сондықтан, дайындықты ұтымды, жүйелі бағдарламамен жүргізген дұрыс.

Республикалық “QAZBILIM” орталығы 4 жылдан бері Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында бұл мектептерге жүйелі, сапалы дайындық жүргізіп келеді. Сіз балаңызды осындай үздік мектептен көргіңіз келсе бізге хабарласыңыз. Біз дайындық және тұрақты кеңестер беріп, сізбен бірге балаңыздың осындай мектептерге түсуіне бірге жұмыс жасаймыз. Біз туралы толық ақпаратты qazbilim.kz сайтынан немесе әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздан көре аласыз.

Қазақтың әр баласы дарынды, дұрыс бағыт беру бізге парыз.

Дайындаған: Республикалық “QAZBILIM” орталығы баспасөз қызметі.

-ЖАРНАМА-spot_img

3 COMMENTS

  1. Мен осы мектепке түскім келеді. Осы мектеп өте керемет дейді.

  2. Костанай каласынан НИШ мектебіне биыл 7 сынып бойынша неше сынып ашылады.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА