22.11.2024

Күләш Шәмшидинова сапалы маман даярлау үшін қандай шаралар қолға алынатынын айтты

Бүгінгі Үкімет отырысында еліміздің Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова сұранысқа ие сапалы маман даярлау бойынша жүзеге асырылатын шараларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоғары сұранысқа ие сапалы маман даярлау үшін мүдделі мемлекеттік органдар бірлесе жұмыс атқаруы керек. Осы орайда келесі шараларды іске асыруға қолдау көрсетуіңізді сұраймын: Ұлттық біліктілік жүйесі мәселелері жөніндегі бірыңғай ведомствоаралық орталық құру; еңбек нарығының кадрларға қажеттілік болжамын анықтау, болашақ кәсіптердің тізімін қалыптастыру; кәсіби стандарттарды әзірлеуді аяқтау, әрбір сала бойынша біліктілік шеңберін анықтау; біліктілікті растаудың тәуелсіз салалық орталықтарын құру; қаржылық дербестікке және басқарудың алқалық түрлеріне мүмкіндік беретін колледждердің ұйымдық-құқықтық нысандарының өзгеруін қамтамасыз ету; өңірлер экономикасының дамуын ескере отырып, мемлекеттік тапсырысты бөлуді алдағы уақытта қайта қарау; сенімгерлікке берілетін колледждерде әр студент үшін ынталандыру компонентін қарастыру», – деді министр.

К.Шәмшидинованың айтуынша, Білім министрлігі білім бағдарламаларын интеграциялауды қамтамасыз етеді. Оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік кешендер сапасын арттыру, педагогикалық кадрларды және өндірістік оқыту шеберлерін даярлау, олардың біліктілігін арттыру жұмыстарын жалғастырады.

«Өндіріс пен білім саласының кадр даярлаудағы әріптестігі нәтижесінде оқу орындарын кәсіптік салалық ортаға тартуға, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін тағлымдамадан өткізуге, колледж менеджменті мен маркетингінің жаңа форматын қалыптастыруға, кәсіпорын жұмыскерлерін тәлімгерлікке тартуға қол жеткіземіз. Сонымен қатар, бітірушілердің өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі артады. Жалпы, ұсынылып отырған шаралар еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, кадр даярлау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», – деді К.Шәмшидинова.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА