23.11.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев озат оқушылармен кездеседі

ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі Ержан Ерсайынов 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған қандай іс-шаралар өтетінін айтты.

1 маусымда Республикада Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған 600-ден астам іс-шара өтеді.  Оның ішінде 154 қайырымдылық шарасы жоспарланған. Балалар мерекесіне арналған  негізгі шараның бірі ертең болады. Яғни, 31 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада оқу озаттарымен кездеседі», – деді Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Ержан Ерсайынов.

Ал 1 маусымда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі түрлі жағдайларда ерлік жасаған  «жас батырлармен» кездеседі. Сондай-ақ,  бұл күні Нұр-Сұлтан қаласындағы “Барыс-Арена” аумағында “Жұлдызай-2019” республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің дәстүрлі гала – концерті өтеді.

«1 маусым күні республиканың барлық өңірінде балалар мен жастар ансамбльдері мен оркестрлерінің шеруі ұйымдастырылады. Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ҚР Білім және ғылым министрлігі 15 мамыр мен 15 маусым аралығында жалпы республикалық “Нұрлы болашақ” акциясын жариялаған болатын», – деді министрлік өкілі.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА