ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі Ержан Ерсайынов 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған қандай іс-шаралар өтетінін айтты.
Ал 1 маусымда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі түрлі жағдайларда ерлік жасаған «жас батырлармен» кездеседі. Сондай-ақ, бұл күні Нұр-Сұлтан қаласындағы “Барыс-Арена” аумағында “Жұлдызай-2019” республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің дәстүрлі гала – концерті өтеді.
«1 маусым күні республиканың барлық өңірінде балалар мен жастар ансамбльдері мен оркестрлерінің шеруі ұйымдастырылады. Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ҚР Білім және ғылым министрлігі 15 мамыр мен 15 маусым аралығында жалпы республикалық “Нұрлы болашақ” акциясын жариялаған болатын», – деді министрлік өкілі.