23.11.2024

2019-2020 оқу жылына бөлінген грант саны белгілі болды.

2019 жылдың 29 мамырында білім беру бағдарламалары тобы бойынша мемлекеттік тапсырысты бөлу мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Комиссия құрамында ҚР Парламенті депутаттары, «Атамекен» ҰКП, мүдделі, мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындар ассоциациясының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.

2019-2020 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырыс 69 256 грант құрайды, оның ішінде бакалавриатқа – 53 785 грант, магистратураға – 13159 грант, PhD докторантураға – 2312 грант бөлінді.

Биылдан бастап білім беру гранттары білім беру бағдарламалары топтарына тағайындалады. Бакалавриатта – 97 білім беру бағдарламалары тобы, магистратурада – 154 және докторантурада – 150 білім беру бағдарламалар тобы бар. Жоғары оқу орнына қабылдау кезінде оқуға түсушілер нақты бір білім беру бағдарламасын таңдайды.

 

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА