Комиссия құрамында ҚР Парламенті депутаттары, «Атамекен» ҰКП, мүдделі, мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындар ассоциациясының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.
2019-2020 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырыс 69 256 грант құрайды, оның ішінде бакалавриатқа – 53 785 грант, магистратураға – 13159 грант, PhD докторантураға – 2312 грант бөлінді.
Биылдан бастап білім беру гранттары білім беру бағдарламалары топтарына тағайындалады. Бакалавриатта – 97 білім беру бағдарламалары тобы, магистратурада – 154 және докторантурада – 150 білім беру бағдарламалар тобы бар. Жоғары оқу орнына қабылдау кезінде оқуға түсушілер нақты бір білім беру бағдарламасын таңдайды.