15 тамызда елордадағы «Жастар» сарайында білім беру саласы қызметкерлеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Қазбілім қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңке сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Республика даңғылы, 34 мекенжайы бойынша орналасқан «Жастар» сарайының фойесінде өтеді. Онда бос жұмыс орындарын 100-ге жуық жұмыс беруші ұсынады.
Сондай-ақ оқу орындарының түлектері ақы төленетін жастар практикасына қатысу туралы ақпарат ала алады. Бұдан бөлек, жәрмеңкеге келушілердің алдын ала әңгімелесуден өтуге, түйіндеме толтырып, оны жұмыс берушілерге қалдырып кетуге мүмкіндіктері болады.