ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҚР Үкіметінің отырысы бойынша баспасөз конференциясында оқушылар алдымыздағы оқу жылынан бастап электронды оқулықтарды қолдана алатынын айтты.
Сонымен қатар, оларды QR кодтар бойынша жүктеп, және мектепке планшетпен, электронды кітаппен немесе ноутбукпен баруға болатынын мәлімдеді. Себебі бұл оқушы мен оның ата-анасының құқығы екенін айтты.