22.11.2024

Оқушылардың 95,4 пайызы жаңартылған мазмұнға көшті – Асхат Аймағамбетов

Мектеп оқушыларының 95,4 пайызы жаңартылған мазмұнға көшті. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агентігі.

Мектеп оқушыларының 95,4 пайызы жаңартылған мазмұнға көшті. Мұғалімдердің 94 пайызы жаңа жүйе бойынша біліктілікті арттырудан өтті. Жекелеген курстар ауылдық және шағын жинақты мектептер үшін қарастырылған», – деді министр Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдардағы бағдарламаның іске асырылуын талқылау барысында.

Ведомство мәліметіне қарағанда, 5 күндік оқу аптасы енгізілді. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесі қамтылды. 273 мың мұғалім (94%) жаңартылған оқыту бағдарламасы бойынша дайындықтан өтті және жаңартылған мазмұн бойынша сабақ бергені үшін үстемақы алады.

Қала және ауыл мектептері арасындағы білім сапасы бойынша алшақтықты қысқартуға ерекше назар аударылады. ОЖСБ-2019 нәтижесінде қала-ауыл алшақтығы 11-сыныпта 7,3%-ға қысқарған (2018 ж. – 11,8%).

«PIRLS-2016 зерттеуінде (бастауыш мектеп оқушыларының мәтінді оқу және түсіну сапасы) қазақстандық оқушылардың орташа балы 536-ны құрады. Бұл Қазақстанға 50 елдің ішінде 27 орын алуына мүмкіндік берді. Бұл нәтижені Германия, Канада, Австрия және Словакия Республикасындағы құрдастарының көрсеткіштерімен сәйкес келеді», – делінген министрлік ақпаратында.

Қазақстандық білім берудің негізгі ресурсы жоғары білікті педагогикалық кадрлар болып табылады. 2018 жылы күндізгі мемлекеттік жалпы білім беру мектептері мұғалімдерінің 54,5 пайызының (157 944 адам) бірінші және жоғары санаты бар. Педагогикалық корпусты жас мамандармен толықтыру 3,5 пайызды құрады.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА