22.11.2024

Бекболат Тілеухан білім министріне: Орта білімдегі проблемаларды шешсең, хатшың болуға дайынмын

Орта білім саласындағы проблемалар шешілсе, Білім министрінің көмекшісі болуға дайынмын. Парламент Мәжілісіндегі білім мәселесіне арналған Үкімет сағатында депутат Бекболат Тілеухан осылай мәім етті.

Білім саласынан, оның ішінде орта білімнен маңызды мәселені көріп тұрғаным жоқ. Жасыратыны жоқ орта білімдегі сорақылық, оқулық мәселесі қоғамның титығына тиіп бітті. Бала түгілі ата-анасы түсінбейтін тақырып, шешілмейтін есеп қоғам тарапынан қандай сынға ұшыраса да міз баққан жүйе жоқ. Мазақ па, енжарлық па, оны түсінбедік. Бізде Конституция бойынша жалпы негізі білім алу ақысыз, бірақ жақсылап оқыту үшін репетитор жалдауға мәжбүр боламыз», – деді Бекболат Тілеухан.

Сонымен қатар депутат салада білікті маман даярлау проблемаларына да тоқталды.

«Бүгінгі білім жүйесін қарап отырсақ, құрдымға беттеп бара жатыр. Қай жағынан келсек те, сын көтермейді. Сондықтан жүйені түбегейлі қайта қарау керек. Оқулық шығару жүйесін, мұғалімдер даярлауды қайта қараған жөн. Асхат, жақсы жігітсің, азаматсың. Енді осы мәселелерге қажыр-қайратпен кірісейікші. Тап осы мәселе шешілетін болса, депутаттық мандатымды беріп, көмекші әрі хатшы болып баруға дайынмын», – деді Б. Тілеухан ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке қарата айтқан сөзінде.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА