Елордада оқушылар арасында робототехникадан чемпионат өтіп жатыр, деп хабарлайды Қазбілім ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«IITU Robocon Cames» республикалық бесінші чемпионатына Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау қалаларының 30 үздік мектеп командалары сынға түсуде.
«Чемпионатқа 30 мектеп командалары қатысуда. Arduino негізінде роботтарды бағдарламалау оқушыларды механикалық, инженерлік бағыттарда машықтандырады», – дейді «Зере-Жанашыр» қорының директоры Майраш Тайкенова.
Чемпионат төрт жыл Алматы қаласында өтсе, биыл елордада ұйымдастырылыпты. Жарыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен оқуға гранттары табысталмақ.