07.11.2024

Білім беру бөлімінің басшысы пара алу күдігіне ілінді

Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «БҚО Шыңғырлау ауданының білім бөлімі» ММ басшысына қатысты пара алды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ол Шыңғырлау ауданының білім бөлімінің және орта білім беру мектептерінің ғимараттарын күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерден 1 млн 960 мың теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталып, БҚО Полиция департаментінің Орал қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде», – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінде.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА