Мемлекет басшысы академик Асқар Жұмаділдаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында еліміздегі білім мен ғылымның дамуына, қоғамдағы соңғы уақытта болып жатқан өзгерістер мен ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар қазақ тілін дамыту және латын әліпбиіне көшу жөнінде ой-пікірлер мен ұсыныстар айтылды.