07.11.2024

ҚР БҒМ мектеп сыртындағы әжетханаларды жоя бастады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептегі әжетхана мәселесіне қатысты тілшілердің сұрағына жауап берді.

«Сырттағы әжетханалардың бәрін жою міндеті тұр. Қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді. Бейнебақылау камералары бойынша да – жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Үкімет тапсырма берді. Бұл жұмысты аяқтаймыз деген ойдамын», – деп жауап берді министр Үкімет отырысынан кейін тілшілердің қойған сұрағына.

Асхат Аймағамбетов сонымен бірге аталмыш мәселені шешу бойынша қаражаттың қайдан бөлінетінін атап өтті.

«Қаражат көлемі әр өңірде әртүрлі. Себебі, смета бағасын әзірлеу керек. Жұмыс топтары қазір тиісті жұмысты қолға алып, бұл бағытта қанша қаражаттың керектігін санап жатыр. Кейбір мектепке қосымша су скважинасы керек, кейбіріне кәріз тарту қажет. Бұл кешенді мәселе. Қанша мектепке қажетті жұмыс жасалатыны белгілі. 2300 мектепке жөндеу жүргізу керек болады. Қазір іске кірісіп кеттік», – деді ол.

Бұған дейін Таразда 12 жастағы оқушы қызды 38 жастағы еркек мектептің сырттағы әжетханасында зорлағаны туралы жазған болатынбыз.

Осы шулы оқиға қоғамда резонанс туғызып, мектеп әжетханаларын сырттан ішке кіргізу жұмысы қолға алынып жатыр.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА