21.11.2024

Алматылық оқушы халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпазы атанды

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Даниал Сұлтанов Ресей Федерациясы Ұлттық технологиялық бастамалар (ҰТБ) Үйірме қозғалысы халықаралық олимпиадасының жеңімпазы атанды. Бұл туралы  ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Жасанды интеллект» арнайы профилінде Даниал үздік шетелдік жоба үшін «Халықтар достығы» номинациясында бірінші орын алды.

Олимпиаданы ұйымдастырушылардың қатарында – Үйірме қозғалысы және ҰТБ «Платформасы», Ресейдің Ғылым және жоғары білім, оқу-ағарту министрліктерімен бірлескен Стратегиялық бастамалар агенттігі және ресейлік венчурлық компания бар. Жабылу салтанаты мен жеңімпаздарды марапаттау Мәскеуде өтті, жасанды интеллект саласындағы үздік оқушыларды Сбербанк президенті Герман Греф құттықтады.

«Бес жыл бұрын AI тақырыбында сөйлеген кезде шөл даладағы жаңғырық секілді естілетін, ал бүгін AI — бұл «электр», ол қайта өрлеу, жандану кезеңінде. Бірақ ғылым, зерттеу және практикалық тұрғыдан қолдану бірдей шамада келе жатыр. Қымбатты балалар, Сіздер дұрыс бағытта және дұрыс жолда келесіздер, дұрыс уақытта және дұрыс жерде өмір сүрудесіздер. Алынған тәжірибе пайдалы боларына сенімдімін», – деді Герман Греф.

Әлемдегі ең беделді олимпиадалардың бірінде бес мыңнан астам оқушы кездесті, байқаулар жасанды интеллект пен су асты робот техникасынан бастап геномды өңдеу мен VR технологиясына дейін 28 технологиялық бейінде өткізілді.

«Ақпараттық қауіпсіздік», «Жасанды интеллект», «Бизнес процестерді автоматтандыру» ең танымал IT профильдер қатарында болды. Биыл олимпиада жаңа рекорд орнатты – барлық тректер бойынша Ресейдің 85 өңірі мен шетелдерден 110 000-нан астам бала қатысуға өтінім берді.

«Финалда қатысушылар тек технологиялық тапсырмаларды ғана шешіп қойған жоқ – оқушылар алдында жасанды интеллект, робот техникасы, ғарыш индустриясы саласындағы жетекші компанияларда жұмыс істейтін мамандар айналысатын жаңа сын- қатерлер тұрды. Жоғары сынып оқушылары ересек әріптестерінің ойларынан асып түсетін қызықты шешімдерді ұсына білді», – дейді ҰТБ «Жас мамандар» бағыты директорының орынбасары Юлия Ханьжина.

2021 жылы финалистер ең көп сұранысқа ие технологияларға қатысты мәселелерді шешті: жасанды интеллект, машиналық оқыту, компьютерлік көру, виртуалды және кеңейтілген шындық, геномдық өңдеу.

Бөлінген форматтағы инженерлік тапсырмамен жұмыс істеу үшін 2020 жылы финалда сыналған бірқатар технология қолданылды: мамандандырылған бағдарламалық жасақтама, симулятор, командалық жұмыс үшін жеке бейне және дауыс арнасы, сынақ алаңдарынан трансляция. Қорытынды сайысқа жүзден астам оқушы қатысты, олардың алдында ақыл-ойды ескеретін алгоритм құру міндеті тұрды. Соңғы сынақ үшін қатысушыларға Кристофаридің суперкомпьютері ұсынылды.

«Жасанды интеллект жай ғана біздің болашағымыз емес, ол бүгіннің өзінде енгізіліп жатыр. Сондықтан біз трендте болуға және оқуға, іздеуге, сынап көруге тиіспіз, олимпиада бұл тұрғыда мен үшін жақсы мектепке айналды», – деді Даниал марапаттау рәсімінен кейін.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА