22.11.2024

Балаларымыздың болашғына балта шауып алмаймыз ба?

Осыдан бес –алты жыл бұрын тоғызыншы сынып оқитын бауыр-қарындастарым хабарласып, өздерінің он бірінші сынып оқығысы келмейтіндерін, бірден колледж оқуға емтихан тапсыратындарын жеткізді. Мен олардың  бұл әрекеттеріне қарсы болсам да, таңдау еркіне құрметпен қарайтынымды айттым. Қалаға келген кездерінде өздерінен қайталай сұрағанымда бәрібір он бірінші сынып оқығанымызбен ҰБТ-ден өте алмаймыз деді. Себебін сұрасам, ашып айтпайды. Бұлардың санасына сіңген өздеріне деген сенімсіздік қайдан пайда болғаны мен үшін жұмбақ еді ол кезде.  Әрі өзімде білім салсында жұмыс жасамаған соң, көп мән бермеген де едім. Ауылға барған сайын, ауылдағы ағайынның басты айтатыны балаларының білім сапасының төмендеп бара жатқаны. Сондықтан болмағанда 10-11 сыныптағы балаларын қаладан оқытқысы келетінін жасырмайды да. . Әрине, бұл бірер ауылдың емес, тұтас Қазақстанның ауылдық жерінде тұратын ата-аналардың ортақ арманы. Айдың күннің аманында ауылдағы ағайынның ата қонысын тастап, қалаға қарай дүркірей көшуінің бір себебі де осы ұрпағына сапалы білім беретін жайлы жай іздеуінде жатса керек.

Осы мәселе үнемі алдымнан шыға берген соң, негізгі себебін білейін деген оймен оқушылардан, мұғалімдерден сұрастырып көрген едім. Себебі «арқа жайлы болса арқар ауып несі бар» деген халық даналығын есіме түсірді. «Әдеп – ол қоғамның құндылығы, білім  – ол адамның құндылығы» деген Саиф Сарайдың даналығына негізделсек, сапалы білім беру әр қазақ баласына мемлекет тарапынан жасалатын басты құндылық болуы керек еді. Ата заңымыз бойынша да әрбір Қазақстан азаматтарының сапалы білім алу құқы бар екендігі ашық көрсетілген. Республикадағы барлық мекетептердің 75 пайызын ұстайтын ауыл мектептерінде оқитын балалар әлі күнге дейін ғылым, білім саласындағы инновациялық-технологиялық мүмкіндіктерді қойып, тұрғылықты жерінде он бір жылдық сапалы білімге қол жеткізе алмауы өте өкінішті.

Балалардың жылы орнын суытып, туған жеріндегі мектептен ертерек кетуінің басты себептерінің бірі рейтнг қуған директорларға барып тіреледі. 7-8 сыныптардан бастап, оқушыларға қалалы жердегі кәсіптік, техникалық бағыттағы және педагокалық бағыттағы колледждер баланың санасына сіңіріле бастайды. ҰБТ-ның қиындығы, оған түсе алмай қалса бәрібір сол колледждерді таңдайтыны  ауық-ауық бала санасы сіңіре береді сіңіре береді. ол өз нәтижесін бере жылда береді. жетпіс-сексен пайыз бала колледжерді немесе қала мектептерін таңдайды. Біз бұнда оқушылардың кәсіптік-техникалық білім алғанына қарсы болып отырған жоқпыз тек оның мектептің рейтингін ойлап, жоғарғы оқу орындарында оқуға түсуге ауылдық жерлерде мүмкіндік жасаса дегенді ғана айтып отырмыз. Осылай сөзсіз емтиханнан сүрінбейді-ау деген оқушыларды ғана алып қалады. Осылай жоспарды толық орындайды. Оған тамыр-таныс арқылы жұмысқа тұрып алған, директордың айтқанынан шықпайтын «ләббәйшіл» ұстаздар қатарын қосыңыз.

Екінші бір себебі ауылды жерлердің интернеттік ресурстармен толық қамтылмауы. Оны пандемия кезіндегі онлайн оқуда анық көрдік. Республиканың түкпір-түкпіріндегі алыс ауылдарды қойып, Нұр-Сұлтан, Алматы іргесінде орналасқан ауылдардың өзі спалы интернетпен қамтылмады. Онлайн флатформалар мен видео роликтерді көрудің өзі қиямет қайым. Біз хабарласқан ауылдық жерде жұмыс жасап жатқан ұстаздар да сөзімізді растап отыр. Республикалық деңгейдегі үздік ұстаздардың онлайын сабақтары арқылы да, ауылдағы баланың бір тынысын ашуға болатын еді. Біз ауылдық жерге ол мүмкіндікті де сыйлай алмай отырғанымыз да жасырын емес.

Үшінші бір үлкен себеп қала мектептеріндегідей ауыл мектептерінде материалдық-техникалық базаның болмауы. Бұл да оқушылардың ауыл мектептерінен жерінуіне алып келетін себептердің бірі екенін оқушылардың өздері де айтып отыр. Тіпті, оқушыны айтпағанның өзінде  инорматика немесе нақты ғылымдардан сабақ беретін ұстаздардың өздері де әрең жүргендерін жасырмады.

Қорыта айтқанда, ауылдық жерлердегі білім беретін мектептердің сапасын көтермесек сонда білім алып жатқан, бір жарым миллиондай баланың болашғына балта шабамыз. Қалалық жерлердегі мемлекеттен арнайы қолдау көріп отырған бірнеше мектептің сапасы қазақ ғылымының, білімінің көрсеткіші болмаса керек-ті. Бұл жиырма бірінші ғасырдағы «мәдениетті» қылмыскерлерді қолдан өсіруге алып келетін факторлардың бірі. Қазақтың болашағын ойлайтын кез келген жүйе ауылдағы баланың болашғаын ойласа деген тілек біздікі.

 

Сәрсенбек Бақыт

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА