22.11.2024

Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту сапасын арттыру мәселелеріне арналған Республикалық семинар-кеңес өтеді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі №115 бұйрығы негізінде Білім және ғылым министрлігі Жамбыл облыстық білім басқармасымен бірлесіп осы жылғы 15-16 мамыр күндерінде Тараз қаласында жалпы білім беру ұйымдарында қазақ тілі мен әдебиетін оқыту сапасын арттыру, көптілді және билингвалдық білім беру мәселелеріне арналған Республикалық семинар-кеңес өткізеді.

Республикалық кеңес жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігінің, облыстық әкімдіктің, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (бұдан әрі – ЕҚЫҰ), «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы филиалының, «Қазақ тілі мен әдебиеті» республикалық журналының өкілдері, ұлттық, мемлекеттік университеттердің ғалымдары мен оқытушылары, өңірлік білім басқармаларының мамандары, Назарбаев Зияткерлік мектебінің, жалпы білім беретін ұйымдардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және ұлттық тілді мектептерде көп тілде оқытылатын пәндердің мұғалімдері қатысады.

І. Кеңестің Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының базасында өтетін пленарлық мәжілісінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бас сарапшысы Р. М.Батталдың, Жамбыл облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Е. Бекбатырованың, «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының бас редакторы З. Шілдебайұлының, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры, ф.ғ.д. Ж.Қ. Смағұловтың, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің доценті, ф.ғ.д. Н.Ә. Ілиясованың, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетінің деканы, ф.ғ.к. А.Н. Тұрарованың, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Н.Ш. Алметовтің, қазақ тілі оқулығының авторы, әдіскер С.С. Жұманованың, Алматы қалалық № 153 мектеп-гимназия директоры Ш.Н. Умаровтың, Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Қ.Е. Бешімбаеваның, Астана қалалық Білім басқармасының әдіскері М.Ә.Әбуованың, Қарағанды қазақ-түрік лицейінің мұғалімдері А.А. Игенова мен Г.Ә. Егінбаеваның қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың, көптілді және билингвалдық білім берудің өзекті мәселелері жөніндегі баяндамалары тыңдалып талқыланады.

ІІ. Сонымен қатар мынадай шаралар жоспарланды:

Республикалық, облыстық мұғалімдер конкурсының бірнеше дүркін жеңімпазы Б.Т. Әділовтің шеберлік дәрісі;.

ЕҚЫҰ сарапшысы А.П. Стоянованың орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік тілді мектеп мұғалімдері үшін мемлекеттік тілді оқытудың шетелдік тәжірибелері бойынша тренингі;.

Шымкент қалалық Ю.Сареми атындағы өзбек тілінде оқытатын мектеп-гимназия директоры Б.У.Нұралиевтің мектеп ұжымының көптілді білім беруде қол жеткізген нәтижелері жөніндегі тәжірибелік тұсаукесері.

ІІІ. Семинар-кеңестің екінші күнінде Тараз қаласындағы қазақ тілінде оқытатын № 53 орта мектептің, орыс тілінде оқытатын № 1 гимназияның, аралас тілде білім беретін №12 мектеп-гимназияның базаларында жүргізілген секциялық мәжіліс жұмысы аясында Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының тәжірибелі мұғалімдерінің ашық сабақтары, сыныптан тыс түрлі шығармашылық шаралар, пікір алысулар жүргізіледі.

ІV. Кеңес жұмысының нәтижелері бойынша Дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылып, пленарлық және секциялық мәжілістерлдегі пікір алысулар мен талқылаулар негізінде республикалық семинарға қатысушылардың Ұсыныстары қабылданады.

kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

1 COMMENT

  1. Мен айтайын дегеним бир адамннын жауапкершиликсиздигинен улкенди кишили коп зиян шегушилер бар атап айтар болсам,улкен жактан мемлекет
    Биюжетине шыгын,киши жактан жеткиншек жас урпактарымызга кате

    малметтердин кесиринненак оз колымызбен мангурт урпак тарбиелеп отырмыз,бул деген жайгана кателик деп каблдай салатын ,бир адамнын жеке басынын меншиги емес бир улттын болашагымен ойнау,буны бизденгори,билик деген кара теринин ин илеушилер жаксы биледи,биле тура билместикке салып,коре тура коз кыстылык жасаган,нагыз кор сокырлар бул кунде халыктын камын ойлаудан калган,акылы мен айласы кара басынан аспай,оз жемсауы толмай озгени ойлаудан калган,егер шын ултым,урпагым,елим деп емирене ет журеги елжиресе окулыктан осынша орескел кателикке жол бермес еди,амал не саны барда,сапасы жок ел агалары козбен кайгырып,кокирекпен кулетинди шыгарды…оз тарихм,оз бабам деп кайгырмау телуде оскен ,оз ак сутинен кори,коккоздин кок сутин кымбат корген огей урпактын озгенин кансыгын тансык коруинин кесиринен,оз ултын огейсиретуде….бунын бари биликтеги кокелеримиздин оз ултына огей акедей карауынан болган,огейликтин кесири….жарайды кайсын айтып таусамыз ен бастысы мына кателкти тузесе екен…..

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА