07.11.2024

Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

Үкімет қаулысымен Мирас Мұхтарұлы Дәуленов берген өтінішіне сәйкес ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мирас Дәуленов 1983 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Вроцлав университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы жеке заң фирмасында заңгер болып бастаған.

2004-2005 жылдары — Шығыс Қазақстан адвокаттар алқасы адвокатының көмекшісі.

2006-2007 жылдары коммерциялық құрылымдарда заңгер болып жұмыс істеді.

2012-2015 жылдары — халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі; доцент м. а. «Қазақ гуманитарлық заң университеті» АҚ халықаралық құқық ғылыми-зерттеу орталығының директоры.

2015-2019 жылдары — КАЗГЮУ С. Зиманов атындағы Іргелі және қолданбалы зерттеулер академиясының басқарма төрағасының орынбасары – директоры (ғылыми жұмыс жөніндегі проректор).

2018-2019 жылдары — КАЗГЮУ С. Зиманов атындағы Құқықтық және экономикалық зерттеулер академиясының провосты – директоры.

2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі таңға дейін ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА