07.11.2024

Биыл «Алтын белгіге» 9 822 оқушы үміткер

2020-2021 оқу жылында «Алтын белгіге» 9 822 оқу озаты үміткер болып отыр.

«Бұрын мектеп пен білім бөлімдері үміткерлердің жұмысын өздері тексеріп, «Алтын белгіні» тапсыру туралы шешім қабылдайтын. Ал, қазір, кеңестік кезеңдегідей, емтихан жұмыстарын облыстық немесе республикалық маңызы бар қаланың білім басқармасы жанындағы комиссия тексереді. Комиссия құрамына білікті, тәжірибелі пән мұғалімдері кіреді. Осыдан кейін ғана мектеп үздік оқушылардың тізімін бекітеді», – дейді ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова.

Енді «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің емтихан жұмыстарын білім басқармасы жанындағы комиссия қарайды. Мектептер бұрынғыдай оқу озаттарының тізімін өздері жасай алмайды. Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сенсек, комиссия емтихан жұмыстарын тексергеннен кейін нәтижелерін білім ұйымдарына жіберіп, мектеп директорының бұйрығымен төсбелгі иегерлерінің тізімі бекітіледі.

Биыл 11 (12) сынып оқушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары 1-10 маусым аралығында өтеді.

12 маусымға дейін емтихан қорытындысы шығарылып, «Алтын белгі» иегерлерінің тізімі бекітіледі.

2020-2021 оқу жылында 3,4 млн астам оқушы мектепте білім алды. Оның 150 мыңға жуығы 11 (12) сыныпты аяқтайды.

 

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА