Алматыда 12 600 орынға арналған 8 жаңа мемлекеттік мектеп салынып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов онлайн брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, жаңадан салынып жатқан мектептердің 5-уі орын тапшылығы ең жоғары Алатау ауданында салынып жатыр.
«Дархан» ықшамауданында мектептің болмауына байланысты балалардың ұзақ уақыт жақын орналасқан білім ұйымдарына барып оқуына тура келді. Осыған орай, қолжетімді қадам бойынша мәселе өз шешімін тауып, биылғы жылы 1500 орынға арналған жаңа мектеп салынады. Бұған дейін «Томирис» ықшамауданында бастауыш сыныптың оқушылары 156 мектептің филиалында оқып келген. Қазіргі таңда осы мектептің орнына 1500 орынға арналған жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр»,-дейді ол.
Сондай-ақ «Рахат-Мәдениет» ықшамауданында үш ауысымда оқытатын 196 мектеп орналасқан. Бұл мектепте оқушылардың контингенті жобалық қуатынан артық, сондықтан бұл ауданда тағы бір 1500 орынға арналған жаңа мектеп салынып жатыр.
«Бұл жаңа мектептің құрылысы қаладағы жалғыз үш ауысымды мектеп мәселесін шешуге және үш ауысымды оқуды болдырмауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, 196 мектептің аумағында болашақта мемлекеттік балабақша салынады, өйткені бұл шағын ауданда қазір жұмыс істеп тұрған балабақшалар жоқ. Түркіб ауданының «Қайрат» шағын ауданында 1500 орындық жаңа мектептің бірі пайда болады. Бұл жеке сектор, онда көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы белсенді жүргізілуде, сондықтан білім беру объектілеріне үлкен қажеттілік бар»,-дейді Қайрат Жұманов.
Сонымен қатар, ол 8 мемлекеттік мектептің қазіргі құрылысы туралы айта келе, осы жобаларды әзірлеу кезінде шет елдердің тәжірибесі ескерілгенін және жаңа формат қолданылғанын, бұл мектептердің бірегейлігі олардың ерекше конфигурациясында болатынын атап өтті.
«Бүгінгі балалар қандай шығармашыл екенін ескере отырып, заманауи материалдар арнайы таңдалды, олар үшін ең қолайлы жағдай жасау үшін арнайы дизайн жасалды. Мектеп ғимараттары ортақ пайдаланылатын аймақтары бар бөлек оқу блоктарынан тұратын болады, бір ауысымда 1500-ден 1800-ге дейін бала оқитын болады. Жаңа мектептермен қатар кейбір шамадан тыс жүктелген мектептерге қосымша құрылыс салу жұмыстары жүргізілуде. Қазір 17 қосымша құрылыс салынуда, соның есебінен 8 мыңнан астам жаңа орын құрылатын болады»,-деді спикер.