22.11.2024

ҰБТ: Ақмола облысының үш қаласында тестілеу өтеді

Ақмола облысы мектептерінің оқушылары оқу жылын оң нәтижемен аяқтайды. Өңірде 2020-2021 оқу жылының қорытындысы шығарылды. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіповтің айтуынша, биыл «Алтын белгі» төсбелгісіне және ерекше үлгідегі аттестатқа үміткерлердің саны өскен.

«Соңғы үш жылда «Алтын белгі» белгілерін және ерекше үлгідегі аттестаттарды алған түлектер саны артуда. 2020 жылы 303 түлек төсбелгі, 187 үздік аттестат алса, биыл 384 төсбелгіге, 250 адам ерекше үлгідегі аттестатқа ие болды», – деді Бейбіт Жүсіпов.

Еске сала кетейік, Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы негізінде өңірдегі 9-сыныптардағы 10 200-ден астам білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары 2021 жылғы 28 мамыр мен 5 маусым аралығында және 2021 жылғы 1-10 маусым аралығында 5040 түлек үшін санитариялық талаптарды сақтай отырып өтеді. Грантқа түскісі келетін түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуді онлайн форматта үш пунктте – Көкшетау, Атбасар және Ақкөл қалаларында тапсырады. Тестілеуге 1072 оқушы қатысты. Еліміздің оқу орындарына түсетін түлектер санының өсуі байқалады. Егер өткен оқу жылында отандық орта және жоғары оқу орындарына 73 пайызы оқуға түссе, бүгінде жергілікті білім беру ұйымдарында 75 пайызы оқуды жоспарлап отыр.

«Ағымдағы жылы Ақмола облысының білім басқармасы соңғы қоңырауды онлайн режимінде немесе сынып сағаты түрінде өткізуді жоспарлап отыр. 300 оқушыға дейінгі мектептерде бас санитарлық дәрігерлердің келісімі бойынша ашық ауада салтанатты іс – шара өткізуге рұқсат етілген», – деді Бейбіт Жүсіпов.

Өңірдің 556 жалпы білім беретін мектебінде 129 975 оқушы оқиды.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА