22.11.2024

Елорда оқушылары қандай лагерьлерде жазғы демалысын өткізе алады?

Елорда оқушылары Ақмола облысы аумағында орналасқан 2 лагерьде жазғы демалысын өткізе алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Римма Имангазинова айтты

Жазғы кезеңде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі әрі балалардың шығармашылық дамуы үшін мүмкіндік саналады. Демалыс – ол оқу сабақтарынан бос уақыт, балаға ерекше назар аударатын, оны әлеметтік жағынан қорғайтын аймақ. Өздеріңіз білетіндей, елордада карантиндік шаралар сақталуда. Осыған байланысты біз ата-аналардың балалар денсаулығына алаңдайтындығын түсінеміз. ҚР Білім және ғылым министрлігі келесі қала сыртындағы лагерьлердің жұмысы арқылы балалар үшін жазғы демалысты биыл «Қазақстан балалары жазды қуанышпен қарсы алады» атты ұранмен ұйымдастырады: 240 орындық «Арман» туристік сауықтыру кешені, 160 орындық «Буровичок» сауықтыру лагері», – деді басқарма басшысының орынбасары.

Оның атап өтуінше, аталған лагерьлер қаладан 100 шақырым жерде, Ақмола облысында орналасқан. Оларда балалардың жазғы лагерьлерін барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, 10 күнге 5 ауысымда 7 маусымнан 10 тамызға дейін ұйымдастыру жоспарланған.

«Қызыл» аймақта болған кезде лагерьлердің толымдылығы 30 пайызды құрайды. «Сары» аймақта – 50 пайызға дейін, «жасыл» аймақ – шектеусіз. Бүгінде санитарлық бақылау басқармасы мен Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінен рұқсат құжатын алу жұмысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде ағаш құрылымдарды оттан қорғау бояуымен өңдеу, электр, өрт дабылына келісімшарттар жасасу және басқа да жұмыс жасалып жатыр. Штаттық қызметкерлер құрылды», – деді Римма Имангазинова.

Сондай-ақ, оның дерегінше, елордада Әл-Фараби, Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайларының базасында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА