22.11.2024

2035 жылға қарай жұмыстың үштен бір бөлігі автоматтандырылады. Түлектер нені ескеру керек?

2035 жылға қарай жұмыстың үштен бір бөлігі автоматтандырылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов айтты.

Жұмыскерлердің дағдыларын жетілдіру, кадрларды даярлау мәселелері бүгінгі күні өте өзекті. Өйткені, экономиканың дамуы жұмыс берушілерді білікті кадрлармен қамтамасыз етуге тікелей байланысты. Қазіргі уақытта әлемде еңбек нарығының жаһандануы мен коронавирус пандемиясының әсерінен еңбек нарығының өзгеруі орын алуда. Жаһандық сын-тегеуіріндер барлығымыз үшін – технологиялар мен цифрландырудың дамуы, ресурстардың бірігуі, мәдениет пен құндылықтар. Осыған орай еңбек ресурстарын өмір бойы үздіксіз оқытудың маңызы артады», – деді вице-министр Мәжілісте жұмыскерлерді қайта оқыту және олардың дағдыларын тұрақты жетілдіру жөніндегі жаңа тәсілдерге арналған дөңгелек үстел отырысы барысында.

Оның атап өтуінше, автоматтандыру және технологиялық инновациялар, демографиялық өзгерістер және бизнес идеялар мен басқалар қазіргі таңдағы мегатрендтер саналады.

«Мұның барлығы 2035 жылға қарай жұмыстың үштен бір бөлігін автоматтандыруға алып келеді. Бұл факті жұмыс орындарының төрттен үшіне қатты әсерін тигізеді. Жұмыспен қамтудың икемді нысандарын қолдану кеңейеді. Ол экономиканың дәстүрлі салаларын да қамтиды. Осы фактілер дағдыларды жетілдіруді, мақсатты түрде жаңа білімді игеруде озық тәжірибені зерделеуді талап етеді. Көптеген мамандық бойынша дағдылардың өзектілігі 5 жылға ғана дейін сақталады. Егер 10 жыл бұрын алған білім мен дағды 10-15 жыл жұмыс істесе, цифрландыру және жаңа технологиялардың пайда болу дәуірінде дағдылар мен білім тез ескіреді», – деді Ержан Біржанов.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА