22.11.2024

Асқар Мамин жаңа оқу жылында барлық мектепті «дабыл түймесімен» жабдықтауды тапсырды

Премьер-Министр Асқар Мамин Үкімет отырысында мектеп медицинасын дамытып, балалар стационары мен емханалардың материалдық-техникалық базасын жетілдіруді тапсырды.

Бейнебақылау жүйелері мен олардың Полицияның жедел басқару орталықтарымен интеграциялануына, «дабыл түймесінің» болуына және жедел ден қоюға ерекше назар аудару керек. Барлық іс-шаралар оқу жылы басталғанға дейін аяқталуы тиіс Бұл мәселе Үкімет отырысында қарастырылатын болады», – деді Ұкімет басшысы.

Сондай-ақ, ол Денсаулық сақтау министрлігіне, әкімдіктерге аурулардың алдын алу және ерте диагностикалау, оңалту, ауруды бала жастан бақылау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

«Мектеп медицинасын, ерте дамыту мен скрининг кабинеттерінің, балалар үйлерінің, балалар стационары мен емханалардың материалдық-техникалық базасын дамыту қажет. Ең алдымен әкімдіктерге спортпен айналысатын балалардың санын арттыру бойынша шаралар қабылдауды және тиісті қаржыландыруды қамтамасыз етуді тапсырамын.

Өңірлердің әкімдеріне балалардың қауіпсіздігі, демалысы мен денсаулығы мәселелерін ерекше бақылауға алу қажет», – деді Асқар Мамин.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА