Сонымен, жас түлек 2021, ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігін сәтті тапсырып шыққан болсаңыз, “осы ұпай маған жетеді” деген ойдан аулақ болыңыз. Өйткені екінші мүмкіндікті пайдаланып неге одан да жоғары ұпайды жинамасқа. Биылғы ҰБТ-ның нәтижесіне көз салсақ, өткен жылғымен салыстырғанда орташа балл көтеріліп жатыр. Сол себепті екінші мүмкіндікті тиімді пайдалануға тырысыңыз.
Ал ҰБТ тапсырып болған түлектер шілде айынан бастап білім беру грантын тағайындау байқауына қатыса алады. 2019 жылдан бастап грант оқу орнына емес, білім беру бағдарламалары бойынша беріледі. Ал білім беру бағдарламасы бойынша 97 топ бар, олар мынадай:
Математика – Физика (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 25).
Математика – География (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 9).
Биология – Химия (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 16).
Биология – География (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 9).
Шет тілі – Дүниежүзі тарихы (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 5).
География – Шет тілі (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 2).
Дүниежүзі тарихы – Адам. Қоғам. Құқық (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 2).
Дүниежүзі тарихы – География (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 5).
Қазақ тілі/ Орыс тілі – Қазақ әдебиеті /Орыс әдебиеті (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 4).
Химия — Физика (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 1).
Шығармашылық емтихан – Шығармашылық емтихан (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 19)
Тағы айтарым, конкурсқа қатысатын кезде мына мамандыққа грант көп бөлініпті деп қателік жасап жүрмеңіз. Бұл жерде грант саны емес, сол мамандықты қанша адам таңдағанына байланысты. Яғни гранты көп мамандықты көп адам таңдауы мүмкін екендігін ұмытпаңыз.
Оразбек Әбсаттар