22.11.2024

ҰБТ кезінде заң бұзған 19 талапкердің нәтижесі жойылды

Биыл Ұлттық бірыңғай тест тапсыру кезінде заң бұзған 19 талапкердің нәтижесі жойылды, деп жазады Казбілім порталы. Бұл жөнінде ҚазАқпарат Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап хабарлады.

Орталық таратқан мәліметтерге сүйенсек, Ұлттық тестілеу орталығы тестілеуді тапсыру кезінде анықталған заңбұзушылықтар жөнінде үнемі хабардар етіп отырады. Бұл жерде бөгде тұлғаларды анықтау, сондай-ақ тыйым салынған заттарды алып кіруге талпыну және оларды пайдалану туралы айтылып отыр. Ереже бұзылған жағдайда, ақпарат автоматты түрде, Орталық министрліктің келісімінсіз, одан әрі қарау үшін құқық қорғау органдарына тапсырылады. Осы ретте ҰТО оқуға түсушілердің білім алған мектебі, оның ішінде олардың ата-аналары туралы мәліметтерді анықтамайды. Бұл ҰБТ өткізу ережелеріне өзгерістер енгізілгеннен кейін екі жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан маңызды жұмыс.

Өткен жылы осы норманы қабылдап, бейнежазбаларды алғаш рет қарастырған соң тағайындалып қойған гранттардың күші жарамсыз болып танылды. Биыл да бейнежазбаларды тексергеннен кейін 19 талапкердің нәтижесі жойылды.

«ҰБТ аяқталып, гранттар тағайындалғаннан кейін де Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері талапкерлердің қатысуымен бейнежазбаларды бақылайды. Бірінші кезекте, 100-ден астам балл жинаған тестіленушілердің бейнежазбалары тексеріледі. Әрі қарай басқа да жағдайлар қарастырылады. Бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасатын болады», делінген хабарламада.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА