22.11.2024

Қарағанды облысында биыл 20 мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа барады

Қарағанды облысында жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта басталады. 499 мектепте 209 мың оқушы оқиды, олардың 20 мыңнан астамы бірінші сынып оқушысы.

Жаңа оқу жылының ерекшеліктері туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова айтып берді.

«Эпидемиологиялық жағдайға байланысты салтанатты жиындар тек бірінші сынып оқушылары үшін өтеді. Балаларға 1 қыркүйекте Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» және «Букварь» табыс етіледі. Сондай-ақ, бұл күні барлық мектептерде «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттары өтеді», – деді Гүлсім Қожахметова.

Биылдан бастап 5-8 сынып оқушылары үшін таңдауы бойынша жаңа курстар енгізіледі: «Парасаттылық және этика», «Экология», «Эмоциялық ақыл-ой және сыни ойлау», «Медиасауат».

Мектеп формасы міндетті емес. Классикалық және іскерлік стильдегі киімге рұқсат етіледі.

Спикердің айтуынша, жалпыға міндетті оқу қоры есебінен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 22 мыңнан астам оқушы мектеп формасымен және керек-жарақтармен қамтамасыз етіледі. 16 мыңнан астам оқушыға тегін түскі ас беріледі. Бюджеттен барлық бастауыш сынып оқушысын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге қаражат бөлінді.

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік қолдауға мұқтаж 3 899 балаға көмек көрсетілді, деп толықтырды басқарма басшысы.

Колледждер де дәстүрлі форматқа оралады. Оқу-өндірістік шеберхана мен зертхана жұмысын қайта бастайды. Студенттер жатақханаға орналасады.

«Барлық білім беру ұйымдары Ashyq жобасының қатысады. Барлық санитария талаптары орындалды. Оқу басталғанда кабинеттік жүйе алынып тасталады және түрлі сыныптар үшін үзіліс әртүрлі уақытқа бөлінеді. Сабақтар бірнеше ауысыммен өтеді», – деп атап өтті Гүлсім Қожахметова.

 

Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі таңда оқу орындары қызметкерлерінің 90%-дан астамы коронавирус вакцинасын алған.

 

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА