22.11.2024

Дарынды қыздар АҚШ-тан жүлдемен оралды

Солтүстік Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей интернатының оқушылары Мадина және Динара Жұмағалиевалар АҚШ-та өткен ғылыми байқауда үшінші орынды иеленді, – деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Солтүстікқазақстандық оқушылар органикалық тыңайтқыштар туралы жұмыстарын ұсынған болатын.

Облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей интернатының биология пәні мұғалімі Маржан Сүлейменова:
– Техас штатының Хьюстон қаласында өткен байқауға әлемнің 63 мемлекетінен 300-ге жуық жоба ұсынылған болатын. Оның жетеуі Қазақстаннан. Шетелдік мамандар апалы-сіңілі қыздардың жобасына қызығушылық танытып, олар АҚШ-та «Жасыл экономика» жас ғалымдар байқауында оны тиісінше қорғап шықты. Қазылар алқасы оларға үшінші орынды берді, – дейді.

Аграрлық секторда бастысы жедел әрі сапалы нәтиже алу. Осы мәселеге қызыққан солтүстікқазақстандық қыздар ауыл шарауашылығымен айналысатындарды қымбат тыңайтқыштарды сатып алып шығындануларын алдын алу үшін жаңа тәсіл ойлаптабуды көздеген.

-Тәжірибе барасында ең үздік нәтижені батпақтар мен көлдердің түбіндегі өсімдіктер мен жануарлардың шіріп қалған қалдықтарының лай қабатынан алдық. Ол Солтүстік Қазақстан облысында өте көп кедесетін сапропель өсімдіктердің өсуін жеделдетеді, – дейді Мадина ЖҰмағалиева.

Биыл мектепті бітіріп жатқан жас ғалымдар алдағы уақытта да бұл істерін жалғастыруды мақсат етіп отыр.

http://baq.kz/

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА