22.11.2024

Президент тапсырмасы: Оқулықтардың электронды нұсқасын тегін пайдалануға болады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім саласына қатысты тапсырмалары орындалды. Бұл туралы ҚР Президенті Телерадиокешенінің телеграм каналында жарияланды.

Қашықтан оқу жүйесіне көшкен кездегі ең маңызды құралдың бірі – электронды оқулықтар болмақ. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында Білім және ғылым министрлігіне оқулықтарды ведомствоның ақысыз құқықтарын бекітіп бере отырып, оларды кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіру жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын.

Бұл тұрғыда отандық баспалармен оқулықтардың электронды нұсқаларын ақысыз пайдалану мәселесі келісілді. 1-11 сыныптарға арналған барлық электронды оқулықтар Білім және ғылым министрлігінің сайтында жарияланды.

Бұдан бөлек, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде колдедждердің 100 пайызы отыздан астам платформаға қол жеткізе алады.

21 мыңнан астам цифрлық ресурстарды қамтитын каталог құрылды:

– 12 368 бейнесабақ;

– 3 848 электронды оқулық;

– 5 771 қосымша материал,

Атап айтқанда, 30 368 ұстаз ІТ -құзіреті бойынша біліктілігін арттырды.

Қашықтан оқу платформалары мен бағдарламаларын пайдалана отырып 20-дан астам нұсқаулық әзірленді.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА