22.11.2024

Педагогтар курстармен тегін қамтамасыз етіледі – Білім министрлігі

Педагогтың кәсіби дамуының жаңа моделі құрылады. Бұл туралы Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаларды орындауға арналған Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

«Педагогтардың біліктілігін арттыру кезеңін «үш жылда бір рет» болып қайта қарастыру бойынша тоқталсақ, осы тапсырма аясында педагогтың кәсіби дамуының жаңа моделі құрылады. «Білім туралы» Заңға қажетті өзгерістер енгізіледі», – деді А. Аймағамбетов.

Оның айтуынша, педагогтар курстармен тегін қамтамасыз етіледі.

«Президентіміз айтып көрсеткендей, педагогтар арнайы біліктілік курстарымен толығымен қамтылмай, өз қаражаты есебінен өтуге мәжбүр болған. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында педагогтар курстармен тегін қамтамасыз етілетін болады», – деді министр.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА