Кездесудің мақсаты: Мектеп бітіруші жас түлектердің мамандық таңдауға және өмірге деген көзқарастарының байсалды және нақты болып қалыптасуын нығайту.
Аталған шараға Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Шохаев Еркінбек Керімбекұлы, Атырау облысы білім беру басқармасының бөлім басшысы Шамұрат Байжан Мұғалімұлы, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры директорының орынбасары Аташев Айбек Асқарбекұлы, теолог Алпысбаев Ерғали Орынқұлұлы және БАҚ-ның өкілдері қатысты.
Өткізілген шара соңы мерекелік концертке ұласты. Сондай-ақ түлектер тарапынан өз ризашылықтарын білдіріп, РТРК «Қазақстан-Атырау» телеарнасына сұхбат берді.
kazbilim.kz